Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет7/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.


5. Әскери қызмет мерзiмдері.

Әскери қызмет мерзiмдері. Еңбек сіңірген жылдары. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы. Әскери қызметтен шығару.


Әскери қызмет мерзiмдерi күнтiзбелік есеппен:


1) мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн – он екi ай;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін – жиырма төрт ай;
3) келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн – әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшартта көрсетілген мерзiмге белгіленеді.
Еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен, зейнетақыға құқық беретін әскери қызмет ұзақтығын есептеу мақсатында есептеледі. Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы
1. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы:
1) сарбаздар мен кіші сержанттар құрамының әскери қызметшілеріне – қырық бес жас;
2) подполковникке (екiншi дәрежелi капитанға) дейiнгіні қоса алғанда, аға сержанттар құрамының және офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне – қырық жеті жас;
3) жоғары сержанттар құрамының әскери қызметшілеріне және полковниктерге (бiрiншi дәрежелi капитандарға) – елу бес жас;
4) генерал-майорларға (контр-адмиралдарға), генерал-лейтенанттарға (вице-адмиралдарға) – алпыс жас;
5) генерал-полковниктерге, адмиралдарға және армия генералдарына – алпыс үш жас болып белгіленеді.
2. Шектi жасқа толған әскери қызметшiлер Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгiленген тәртiппен запасқа немесе отставкаға шығарылуға жатады.
Шекті жасқа толған, оқытушылық, ғылыми қызметті жүзеге асыратын және магистр академиялық дәрежесі, ғылыми дәрежелері немесе атақтары бар әскери қызметшілерге, олардың баянаты бойынша уәкілетті органдардың басшылары олармен бес жылға дейін жаңа келісімшарт жасасу жолымен әскери қызмет мерзімін ұзартады.
Әскери қызметтен шығару
1. Мыналар:
1) әскери қызметте болудың шектi жасына толу;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзiмінің аяқталуы;
3) келісімшарт мерзімінің аяқталуы;
4) әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз немесе шектеулі жарамды деп танығаны туралы қорытындысына байланысты денсаулық жағдайы бойынша;
5) әскери қызметшіні басқа тең лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған және ол төмен лауазымға тағайындалудан бас тартқан кезде санын немесе штаттарды қысқарту;
6) мемлекеттік органдарға (мекемелерге) мемлекеттік қызметке ауысу;
7) әскери қызметшіге қатысты келісімшарт талаптарын елеулі және (немесе) жүйелі түрде бұзу;
8) мынадай отбасы жағдайлары бойынша:
медициналық көрсеткіштер бойынша әскери қызметші әскери қызмет өткеретін жергілікті жерде әскери қызметшi отбасы мүшесiнiң тұруы мүмкін болмауы және оны жаңа әскери қызмет орнына ауыстыру мүмкіндiгі болмауы;
отбасын басқа елді мекенге көшiру қажеттiгiне байланысты әскери қызметшi-жұбайының (әскери қызметшi-зайыбының) әскери қызмет орнын өзгертуі;
тұрғылықты жерi бойынша медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтiмге мұқтаж не бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын әйелiне (күйеуiне), жақын туыстарына немесе жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына толған немесе он сегiз жасқа толмаған, заң бойынша аталған азаматтарды асырауға мiндеттi басқа адамдар болмаған кезде тұрақты күтім жасау қажеттігі;
әскери қызметшi анасыз (әкесiз) тәрбиелеп отырған он сегiз жасқа толмаған балаға күтім жасау қажеттігі;
9) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайлану (тағайындалу);
10) судья лауазымына тағайындалу;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу;
12) арнаулы тексеруден өтуден бас тарту;
13) мынадай теріс себептер бойынша:
әскери қызметшiге әскери қызметі бойынша шектеу және тұтқындау түріндегі жазаларды қоспағанда, қылмыстық, оның ішінде шартты түрде жаза тағайындау туралы сот үкімiнің заңды күшiне енуі;
ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыру;
әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйге ұшырататын заттарды тұтыну;
денсаулық жағдайы бойынша және отбасы жағдайлары бойынша шығарылған жағдайларды қоспағанда, әскери оқу орнынан (әскери факультеттен) шығарылу;
әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы;
педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу;
әскери қызметшінің ауыр салдарларға әкеп соқтырған қауіпсіздік шараларын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін не қызметтік көлікте жүру қауіпсіздігін бұзуы;
әскери қызметшінің қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауы;
ақшалай қаражатпен немесе әскери мүлікпен тікелей жұмыс істейтін әскери қызметшінің кінәратты әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер командир (бастық) тарапынан оған сенімді жоғалту үшін негіз болса;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы;
Қазақстан Республикасының еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында айқындалған жағдайлар әскери қызметшiлердi әскери қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет