Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет9/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.


7. Келісімшарт бойынша әскери қызмет.

Әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт. Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар. Келiсiмшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi.


Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердiң уәкілеттi лауазымды адамымен Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасады. Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тарап арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:


1) мерзiмнің өтуi бойынша;
2) әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты;
3) әскери қызметшiнiң әскери қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшарт жасасқан күнінен бастап;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.
Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшартта азаматтың әскери қызметке кiруiнiң ерiктілiгi, азаматтың әскери қызметті өткеруге мiндеттенген мерзiмi және келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi. Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде Қарулы Күштерде әскери қызмет өткеру мiндеттiлiгiн қамтиды. Келiсiмшарт талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзiнің отбасы мүшелерi құқықтарының сақталу құқығы көзделеді. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиiстi лауазымдағы әскери қызметтi әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасаспастан өткередi. Осы әскери қызметшілерге келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қатысты осы Заңның талаптары қолданылады.
Аталған әскери қызметшiлер лауазымнан босатылғаннан кейiн Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртiппен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе әскери қызметтен шығарылады. Жоғары білімі бар және алты ай қызмет өткерген мерзiмдi қызмет әскери қызметшілерi Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен тиісті әскери-есептік мамандығына ұқсас лауазымға келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiруге құқылы.
Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
2) курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кіші емес және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңда белгіленген шектi жасынан бес жас кіші болмауға;
3) әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығы болуға;
4) мерзімді әскери қызметті өткерген не жоғары оқу орындарының әскери кафедрасынан оқудан өткен немесе әйелдерді қоспағанда, Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен болуға тиiс.

Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке:


1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
2) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтiретін ауруы бар;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi өзiне қабылдаудан бас тартқан;
4) бұрын сотталған немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған не оған қатысты қылмыстық iс қозғалған;
5) әскери қызметке кiрер алдындағы екi жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптiк жауаптылыққа тартылған;
6) әскери қызметке кiргенге дейінгі үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртiбiмен әкiмшілік жаза қолданылған;
7) әскери қызметке кіргенге дейінгі бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
8) егер босатылған күнінен бастап үш жыл өтпеген болса, мемлекеттік қызметтен немесе әскери қызметтен терiс себептер бойынша босатылған адамдар қабылданбайды.
Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.
Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке, сондай-ақ арсеналдарда, базаларда, қару мен оқ-дәрілер қоймаларында қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуымен байланысты лауазымдарға кіретін адамдарға қатысты психика-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолдана отырып, арнайы тексеру жүргізіледі.

Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт:


1) үш жылға – әскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін;
2) бес жылға;
3) он жылға;
4) әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
5) курсанттар үшін – әскери оқу орнындағы (жоғары оқу орнының әскери факультетіндегі) оқу мерзіміне және оны аяқтағаннан кейiн әскери қызметтің он жылына;
6) тыңдаушылар үшін – оқу мерзіміне және әскери оқу орнын аяқтағаннан кейін әскери қызметтің бес жылына не әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейінгі мерзімге жасалады.
Кандидаттарды iрiктеу және олардың келiсімшарт бойынша әскери қызметке кiру тәртiбi Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет