Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет6/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.


4. Әскери қызметті өткеру.

Әскери қызметтің мазмұны. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы. Әскери атақтар. Әскери атақты беру, төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру тәртібі. Әскери лауазымдар. Ротация. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi.


Әскери қызмет:


1) әскерге шақыру бойынша әскери қызметті;
2) келісімшарт бойынша әскери қызметті қамтиды.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызметке:
1) сарбаздар (матростар) құрамының мерзімді әскери қызметі;
2) әскерге шақырылған офицерлердің әскери қызметі;
3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезіндегі, соғыс уақытындағы және әскери жиындарды өткеру кезіндегі әскери қызмет жатады. Келісімшарт бойынша әскери қызметке:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі;
2) әскери оқу орындары курсанттары мен тыңдаушыларының әскери қызметі және оқуы жатады.
Әскери жиындарға шақырылған азаматтар әскери қызмет міндеттерін атқарады. Мерзiмдi қызмет өткеруге азаматтардың құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өту уақыты теңестiріледi. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды. Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер оны әскери жиындарға және жұмылдыруға шақырылған кезде қабылдайды. Осы Заңда айқындалған жағдайларда және тәртiппен азаматтарды әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.
Қарулы Күштердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әскери қызметшiлер салтанатты, күнделікті, далалық, арнайы киім нысанымен және арнайы киім-кешек заттарымен қамтамасыз етіледі. Қарулы Күштердің әскери киiм нысанын киіп жүру және айырым белгілерін тағып жүру қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгілейдi, ал әскери киiм нысанының жекелеген заттары мен айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уәкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi. Әскери киiм нысанын киіп жүруге құқығы жоқ адамдарға оларды киіп жүруге тыйым салынады және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Әскери атақтар
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде басқа әскерлерi мен құрамаларында мынадай әскери атақтар белгiленедi:
Әскери Кеме
Солдаттар, матростар
қатардағы жауынгер матрос,
ефрейтор аға матрос,
Сержанттар мен старшиналар
кiшi сержант 2-сатылы старшина,
сержант 1-сатылы старшина,
сержант
аға сержант бас старшина,
старшина бас кеме старшинасы,
3-сыныпты сержант 3-сыныпты старшина
2-сыныпты сержант 2-сыныпты старшина
1-сыныпты сержант 1-сыныпты старшина
штаб сержанты ӘТК-нiң штаб
старшинасы
шебер-сержант
Прапорщиктер мен мичмандар
прапорщик мичман
аға прапорщик аға мичман
Кiшi офицерлер құрамы
кiшi лейтенант кiшi лейтенант
лейтенант лейтенант
аға лейтенант аға лейтенант,
капитан
Аға офицерлер құрамы
майор 3-дәрежелi капитан,
подполковник 2-дәрежелi капитан,
полковник 1-дәрежелi капитан,
Жоғары офицерлер құрамы
генерал-майор контр-адмирал,
генерал-лейтенант вице-адмирал,
генерал-полковник адмирал,
армия генералы
Қазақстан Республикасының маршалы

2. Медициналық немесе заңдық әскери-есеп мамандығы бар офицерлер үшiн әскери атақтарына тиiсiнше "медицина қызметiнiң, әдiлет" деген сөздер қосылады.


Авиация жоғары офицерлерi құрамының (ұшқыш, инженерлiк-авиациялық даярлығы бар инженерлiк) әскери атақтарына "авиация" сөзi қосылады.
Ұлан бөлiмдерiнде, ұлар кемелерiнде қызметтен өтушi әскери қызметшiлер үшiн тиiстi әскери атақтың алдына "ұлан" деген сөз қосу жолымен ерекше ұландық әскери атақтар белгiленедi.
Запастағы азаматтардың әскери атағының алдында "запастағы" деген сөз, ал отставкадағыларға - "отставкадағы" деген сөз қосылады.
3. Жоғары офицерлер құрамының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi. Басқа лауазымды адамдардың әскери қызметшiлердiң қалған санаттарына әскери атақтар беру жөнiндегi құқығы әскери қызмет өткеру туралы ережелермен белгiленедi.
4. Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғылары мен әскери қызмет өткеру туралы ережелерде белгiленген тәртiппен әскери атақтарынан айырылуы, сондай-ақ олардың әскери атағының төмендетiлуi немесе қайта қалпына келтiрiлуi мүмкiн.

Әскери лауазымдар


1. Әскери лауазымдар (әскери қызметшiлер атқаруға жататын штаттық лауазымдар) және соларға сәйкес әскери атақтар әскери бөлiмдердiң, кемелердiң, басқару органдарының, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының штаттарында көзделедi.
Жоғары офицерлер құрамы атқаруға жататын лауазымдар тiзбесiн - Қазақстан Республикасының Президентi, ал басқа әскери қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң бастығы, Республикалық ұланының қолбасшысы, Бас прокуроры, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары бекiтедi.
Офицерлер құрамының адамдары қызметтерiн атқаруға тиiс сот органдары әскери қызметшiлерi лауазымдарының тiзбесi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгiленедi.
2. Әскери лауазымдар былай бөлiнедi:
- қатардағы құрам лауазымы;
- сержанттар мен старшиналар құрамының лауазымы;
- прапорщиктер мен мичмандар лауазымы;
- офицерлер құрамының лауазымы.
3. Жоғары офицерлер құрамының адамдары атқаруға жататын лауазымдарға (құрамалар, бiрлестiктер командирлерiн және соларға теңестiрiлгендердi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының басшы құрамын) тағайындауды Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi.
Басқа да әскери лауазымдарға тағайындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң бастығы, Республикалық ұланының қолбасшысы, Бас прокуроры, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары белгiлейдi.
4. Әскери қызметшiлер әскери қызметте қалдырыла отырып, қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындау үшiн өздерiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде мемлекеттiк органдарға жiберiлуi мүмкiн.
Әскери қызметшiлер:
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары және мәслихаттардың босатылған негiзде жұмыс iстейтiн депутаттары болып сайланған әскери қызметшiлер әскери қызметтен шығарылады. Олар өздерiнiң депутаттық өкiлеттiктерi аяқталған соң әскери қызметке белгiленген тәртiппен қайта қабылдануы мүмкiн.
Жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттары болып сайланған әскери қызметшiлер осы органдар жұмысы (сессиясы) кезеңiнде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады.
Әскери қызметте қалдырыла отырып қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттiк органдарға iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлердi әскери үлестiң барлық түрлерiмен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың әскери қызметтен өту тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi.

Әскери қызметшiлердiң әскери киiм үлгiсi мен


айырым белгiлерi
1. Әскери қызметшiлер, сондай-ақ жиындарда әскери мiндеттiлер әскери атақтар мен әскерлер (қызмет) түрiне сәйкес айырым белгiлерi бар әскери киiм үлгiсiн киедi.
Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың әскери киiм үлгiсi мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Әскери киiм үлгiсiн киiп жүру ережесiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал оның жекелеген түрлерiн киiп жүру және айырым белгiлерiн тағу ерекшелiктерiн басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына бiрiншi басшылары белгiлейдi.
2. Басқа барлық мемлекеттiк органдарға және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға әскери қызметшiлердiң киiм үлгiсi мен айырым белгiлерi сияқты киiм үлгiлерi мен айырым белгiлерiн енгiзуге тыйым салынады.
3. Әскери киiм киюге құқығы жоқ азаматтардың оны киюiне тыйым салынады және заңмен қудаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет