Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет8/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.

6. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет. Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру.

Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру. Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру. Әскери жиындарға шақыру. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыру.


Азаматтарды әскери қызметке шақыру – бұл әскери міндеттілік негізінде Қарулы Күштерді жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін iс-шаралар кешенi. Азаматтарды әскери қызметке шақыру:


1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды;
2) запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды;
3) әскери жиындарға шақыруды;
4) жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қамтиды.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, оларды күтіп-ұстауды, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етеді.
Азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін Заңда белгіленген тәртіппен әскерге шақыру комиссиялары құрылады. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметi айқындайды. Ұйымдардың басшылары әскерге шақырылуға жататын азаматтарды iссапарлардан шақыртып алуға, оларды хабардар етуді және азаматтарды, олар әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуiн ұйымдастыруға міндетті.
Уақытша шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне қайтып келгеннен кейін әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату құқығы болмаса, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергiлiктi әскери басқару органы бастығының оны әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан сәттен бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледi.
Әскерге шақыру комиссиялары осы Заңның 16-бабында айқындалған құрамда жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша әскерге шақыруды өткізу кезеңiне құрылады. Оларға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi кiруi мүмкiн. Әскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асырады;
2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді;
3) қызмет өткеретiн жерге жiберілер алдында әскери қызметке шақырылған азаматтардың, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқуға түсетін және әскери оқу орындарына түсетiн азаматтардың медициналық тексеруден өтуiн ұйымдастырады;
4) әскери қызметке жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытындымен келiспейтiнi туралы арыз берген азаматтарды қайтадан медициналық куәландырудан өткізеді;
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының шешiмдерiне азаматтар берген шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссиялары шешiмдерiнің күшiн жояды.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыларды және әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге) түсетiн азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзеді.
Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясы әскери оқу орнына (әскери факультетке) түсетін азаматқа қатысты конкурстық оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін оны жіберу туралы немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты:
1) әскери қызметке шақырылуға жатқызылады;
2) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын;
3) әскери қызметке шақырылудан босатылсын;
4) әскери міндеттiлiкті атқарудан босатылсын деген шешімдердің бірін қабылдайды.
Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жатқызылатын азаматқа хабарланады, шешім көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi.
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштердi жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады.
Жиырма тоғыз жасқа дейінгi, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер уәкілеттi органдардың өтiнiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы негiзінде бейбiт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылады.

Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру


Әскери қызметке жарамды 29 жасқа дейiнгi запастағы офицерлер бейбiт кезеңде Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының негiзiнде офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшiн белгiленген тәртiппен шақырылады.


Жекелеген жағдайларда жоғары даярлығы және мол жұмыс тәжiрибесi бар запастағы офицерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына 29 жастан асса да шақырылуы мүмкiн.
Әскери-есеп мамандықтары бойынша әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердiң санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақыру және соғыс кезiнде одан кейiнгi әскери қызметке шақыру

1. Қазақстан Республикасының аумағында жұмылдыруды Қазақстан Республикасының Президентi әскери шабуылды тойтару және агрессияға қарулы соққы беру мақсатында жариялайды. Қазақстан Республикасының Президентi заңда көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында әскери мiндеттiлердiң қажеттi санын запастан әскери қызметке шақыра отырып соғыс жағдайын енгiзедi.


Азаматтарды жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақыру, сондай-ақ соғыс кезiнде және ерекше жағдайларда әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары негiзiнде жүргiзiледi.


2. Жұмылдыру жарияланған тұста сол кезде әскери қызметте тұрған және әскери жиындарда жүрген барлық азаматтар ерекше өкiм болғанша әскери бөлiмдерде кiдiре тұрады, ал әскери мiндеттiлер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметшiлердiң демалысы тоқтатылады, ал демалыстағы әскери қызметшiлер өз әскери бөлiмдерiне керi шақырып алынады.


Жұмылдыру немесе жауласу жағдайы жарияланысымен шақыруды кейiнге қалдыру мен одан босату туралы бұрын қабылданған шешiмдердiң күшi жойылады. Денсаулық жағдайына қарай шақыруды кейiнге қалдырулар мен одан босатулардан басқа, осы Заңның 15 және 16-баптарымен белгiленген шақыруды кейiнге қалдырулар мен одан босатуларды бұдан әрi қолдану тоқтатылады.


3. Соғыс кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен запаста болу жасының шегi жоғарылатылуы мүмкiн.


4. Соғыс уақытындағы жұмылдыру кезiнде Қазақстан Республикасы экономикасының қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн бейбiт кезеңде осы мақсаттарға қажеттi мамандарға бронь беру жүргiзiледi. Әскери мiндеттiлерге бронь беру мамандықтардың тiзбесi бойынша және Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Соғыс кезiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн кадрлар броньдауды ұйымдастыру мен оның дұрыс жүргiзiлуiн бақылау әскери комиссариаттарға жүктеледi.
Жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде әскери қызметке шақырылған азаматтар жұмылдыру бұйрығында немесе әскери комиссариаттардың шақыру қағаздарында көрсетiлген пункттерге әрi мерзiмiнде келуге мiндеттi.
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, сондай-ақ бағыныстылығы мен меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелер мен оқу орындарының басшылары жұмылдыру жүргiзiлген тұста, соғыс кезiнде және ерекше жағдайларда әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларға дер кезiнде хабарлауға және оларды жиналу пункттерiне немесе әскери бөлiмдерге жеткiзуге мiндеттi.
5. Жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде әскери қызметке шақырылған әскери мiндеттiлермен және шақырылушылармен жұмыс (қызмет) iстеген жерi толық есеп айырысады, нақты жұмыс iстеген уақытына жалақы, қызметтен шығарда берiлетiн белгiленген жәрдемақы және пайдаланылмаған демалыс үшiн өтем төленедi. Жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде шақырылған азаматтарға өздерi тұратын тұрғын алаңы сақталады.
Әскери қызметке жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде шақырылған азаматтардың отбасыларын мемлекеттiк қамсыздандыру (жәрдемақы, зейнетақы) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негiзiнде жүргiзiледi.

Жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде шақыру ережелерiн бұзғандық үшiн жауаптылық


1. Жұмылдыру және соғыс кезiнде шақырғанда көрсетiлген жиын пункттерiне әрi мерзiмiнде дәлелдi себептерсiз келмеген азаматтар соғыс кезiнiң заңдары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.


2. Жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде шақырылғандардың дер кезiнде келуiне кедергi жасаған лауазымды адамдар мен азаматтар соғыс кезiнiң заңдары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Жұмылдыруды тоқтату бойынша босату

1. Жұмылдыруды тоқтатуға байланысты босату Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы негiзiнде жүргiзiледi.


2. Жұмылдыруды тоқтату бойынша әскери қызметтен босатылатын әскери қызметшiлер мемлекет есебiнен киiмнiң толық жиынымен қамтамасыз етiледi. Бұл әскери қызметшiлердi тұрғылықты жерлерiне жеткiзу және жолай тамақпен қамтамасыз ету мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.


Азаматтардың жалпыға бiрдей әскери жаттығуы


1. Халықты азаматтық қорғаныс шараларынан орындауға үйрету соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн басқа әскерлерi мен әскери құрамаларын жасақтауға қажеттi контингент әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша 16-дан 55 жасқа дейiнгi ерлердi, балалары жоқ немесе 10 жастан асқан балалары бар 18-ден 45 жасқа дейiнгi әйелдердi барлық азаматтарға мiндеттi жалпыға бiрдей әскери жаттықтыру енгiзiледi.


Азаматтардың жалпыға бiрдей әскери жаттығуы жұмыс, оқу және тұратын орны бойынша өндiрiс пен оқудан қол үзбей жүргiзiледi.


2. Жалпыға бiрдей әскери жаттығуды ұйымдастыру және оған басшылық ету Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына жүктеледi. Мемлекеттiк органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесе отырып жаттығу-материалдық базасын жасайды, әскери жаттығу жетекшiлерiн iрiктеу мен даярлауды қамтамасыз етедi.


3. Жалпыға бiрдей әскери жаттығуды өткiзу тәртiбi мен одан босатылған адамдардың аясын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.


Әскери есептiң жалпы ережелерi


Барлық әскери мiндеттiлер мен шақырылушылар әскери есепке тұруға жатады.


Әскери мiндеттiлер мен шақырылушылардың әскери есебi мемлекеттегi әскери қызметке жарамды шақыру ресурстарын есепке алу мен талдаудың жалпымемлекеттiк жүйесi болып табылады. Әскери есеп жүйесiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар қамтамасыз етедi.


Әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алуды жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алу туралы ережеде белгiленген тәртiппен олардың тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi. Әскери есепке алуды қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар осы органдар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен өтеледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет