244
8-Тарау. Дәнекер тіндер
ажыратылады. Жоғарғы кабаттың коллагенді және эластикалык талшыктары
буындасулардың ұзын осінің бойымен бағытталған. Терен кабатта олар
жоғарғы кабаттың талшыктарына бұрыштай орналаскан.
Синовиалды кабыкшаның жабынды кабаты жасушалардан — синовиоцит-
терден тұрады. Синовиалдык сұйықтыктын айрыкша компоненті гиалурон
кышкылын өндіруге және бөлуге кабілетті макрофагалдык фибробласттарды
және макрофагалдык синовиоциттерді ажыратады.
Кан тамырлары синовиалды кабыкшаға коршаған тіндерден кіріп, оның
тереңінде және жабынды кабатта да таралады, акырғыда олар тікелей сино-
виоциттердін астында орналасады. Сонымен, синовиалды куыс кан тамырлар
арнасынан тек жасушалармен, дәнекер тіннің меншікті затымен және кыл-
тамырлардың өзінін эндотелийімен бөлінеді. Синовиалды кабыкшалардың
гемокылтамырларының эндотелийіне фенестрлердің болуы және фагоцитозға
кабілеттілік тән. Лимфа кылтамырлары жоғарғы талшыкты кабаттын
көлемінде кан тамырларынан теренірек орналасады.
Синовиалды кабыкша афферентті және эфферентті (симпатикалык) тал-
шыктармен мол жүйкеленген.
Достарыңызбен бөлісу: