240
8-Тарау. Дәнекер тіндер
аймактың дисталды бөлігі диафизбен
шектеседі, одан аймакка кан кылтамыр-
лары және остеогенді жасушалар келеді. Бойлай бағытталған эндохондралды
сүйек бағандары шын мәнінде сүйек түтікшелері болып табылады, олардын
орнына остеондар пайда болады.
Акырында диафиз және эпифизде орналаскан сүйектену орталыктары
бірігіп
кетеді де, сүйектің үзындығыныи өсуі аякталады.
Түтікшелі сүйектін жалпактығының немесе енінің өсуі периост есебінен
жүреді. Периост жағынан табакшалы сүйек тінінін шеңберленген кабаттары
өте ерте басталады. Бұл аппозициялык өсу сүйектін пішінделуі аякталғанша
жалғасады. Нәресте туысымен остеондардың саны аса көп емес, бірак 25 жаска
дейін кол мен аяктың ұзын сүйектерінде олардың саны айтарлыктай көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: