352
12-Тарау. Сезім мүшелері
бекігендіктен, кірпікшелі денешіктің бүлшыкетінің жиырылуы көз бүршағына
берілуін камтамасыз ететін, кірпікшелі белбеушенің талшыктарының
(zonula
ciliaris
) көмегімен ұсталынып тұрады. Көз бүршағынын құрылысыныц
зандылыктарын және гистофизиологиясын білу, жасанды көз бұршактарын
жасап, клиникалык тәжірибеге олардың ауыстырылып салынуын кеңінен
енгізу аркылы, көз бүршағының бұлдырлануынан (катаракта) зардап шеккен
наукастарды емдеуге мүмкіндік берді.
Шыны тәрізді дене (
corpus vitreum).
Бұл көз бүршағы мен торлы
кабыкшаның арасындағы кеңістікті толтырып тұратын, күрамында 99% су
болатын, желе тәрізді мөлдір зат. Бекітілген препараттарда шыны тәрізді
дене торлы күрылым түрінде анықталады. Шеткері аймактарында ол, ор-
тасына карағанда, тығыздау болады. Шыны тәрізді дененің ішімен, көздің
эмбрионалдык тамырлы жүйесінін калдығы болып табылатын канал, торлы
қабыкшаның бүртікшесінен көз бүршағының артқы бетіне дейін өтеді. Шыны
тәрізді дененің күрамында витреин нәруызы және гиалурон кышкылы, жа-
сушалардан гиалоциттер, макрофагтар және лимфоциттер табылған. Шыны
тәрізді дененің сәулені сындыру көрсегкіші 1,33 тең.
Достарыңызбен бөлісу: