Эмбриология


 -сур ет. Терідегі пигментоциттер (микрофотография). Препарат боялмаған



Pdf көрінісі
бет121/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   279
8.7 -сур ет. Терідегі пигментоциттер (микрофотография). Препарат боялмаған
Меланоциттердің цитоплазмасында, тіндік базофилдермен бірлесе оты- 
рып, кан тамырларының кабырғасының тонусын реттеуге катыса алатын 
биологиялык белсенді аминдер де бар (14-тарауды караныз).
Меланоциттер, дәнекер тіннің ішінде орналаскандыктан, тек формаль- 
ды түрде ғана дәнекер тіндерге жаткызылады. Даму негізіне келетін болсак, 
олардың, мезенхимадан емес, жүйке айдаршасынын кұрамындағы дің жасу- 
шаларынан пайда болатындығы дәлелденген. Дәнекер тіннің жасушалары 
кызметтік тұрғыдан бірынғай жүйеге, бір-біріне көмектесе әрекет жасауынын 
нәтижесінде, әсіресе, кабыну үдерістерінде және жаракаттан кейін калпына 
келуде, организмдегі су мен түздың алмасуының тәртібінін бұзылуында т.б. 
біріктіріледі.
Жасуша аралык зат
Дәнекер тіннің жасуша аралык заты немесе 
матриксі (substantia inter-
cellularis),
коллагендік және эластикалык талшыктардан, сонымен бірге 
негізгі (аморфты заттан) тұрады. Жасуша аралык зат ұрыктарда да, ересектер- 
де де бір жағынан дәнекер тіннің жасушаларының аткаратын секрециясының 
есебінен, екінші жағынан жасуша аралык кеңістікке бөлінген канның плазма- 
сынан пайда болады.
Адамнын ұрығында жасуша аралык заттың түзелуі кұрсак ішілік дамудың
1—2-ші айынан бастап жүреді. Жасуша аралык зат өмір бойы жаңарып оты- 
рады.
Адамның және жануарлардың организмдерінін дәнекер тіндерінің 
кұрамына кіретін 
коллаген
талшыктары оның ең көрнекті компоненттеріне 
жатып, күрделі кұрылымдык иерархияны кұрайды. Барлык коллагенді 
кұрылымдардың негізін талшыкты нәруыз — 
коллаген
түзейді, ол коллагенді


8.1. Меншікті дәнекер тін
205
кұрылымдардын касиеттерін калыптастырады. Дәнекер тіндердін әркилы 
түрлерінін кұрамындағы 
коллаген талшықтары (fibrae collagenae)
олардың 
беріктілігін калыптастырады. Борпылдак талшықты пішінделмеген (калып- 
таспаған) дәнекер тінде олар толкындана иілген, шиыршыктала бұралған, 
кесіндіде жуандығы 1—3 мкм дөңгелекше немесе жайпактанған созынды 
түрінде орналасып, әр түрлі бағыттарда жатады. Ұзындыктары әр түрлі бо- 
лады. Коллаген талшығының ішкі кұрылымы фибриллярлык нәруыз — кол- 
лагенмен аныкталады, ол фибробласттардың түйіршікті эндоплазмалык 
торынын рибосомаларында синтезделеді.
Коллагеннін 20 шакты түрлерін ажыратады, олар бір-бірінен молекуляр- 
лык кұралуымен, мүшелік және тіндік тиемелілігімен ажыратылады.
Адам организмінде келесі коллаген түрлері кеңінен таралған: I типті коллаген 
негізінен терінін дәнекер тінінде, сінірлерде, сүйекте, көздін мөлдір кабыкшасында
склерада, артериянын кабырғасында кездеседі; II типті коллаген гиалинді және фи- 
брозды шеміршектерде, көздің шыны тәрізді денесінде, көздің мөлдір кабығында ор- 
наласады; 111 типті коллаген ұрыктын терісінін дермасында, ірі кан тамырларының 
кабырғасында, канжасам мүшелердін ретикулярлык талшыктарында болады; 
IV 
типті 
коллагенді базальдык мембранада, көз бұршағының капсуласында; 

типті кол­
лаген хорионда, амнионда, эндомизийде, перимизийде, теріде, колаген түзейтін 
жасушалардың айналасында (фибробласттардын, эндотелийлік, жазык бұлшык еттік) 
ажыратылады.
Коллагеннің молекуласының ұзындығы шамамен 280 нм және ені 1,4 нм. 
Олар триплеттерден — үш полипептидті тізбектерден (а-тізбектерден) түзеліп, 
сонымен коса жасушаның ішінде бірынғай спиральға шиыршыкталатын 
коллагеннін бастамасы — проколлагеннен тұрады. Бұл коллаген талшығының 
бірінші, 
молекулярлық
кұралу деңгейі. 
Проколлаген жасуша аралык 
кеңістікке бөлініп шығады (8.8-сурет). Екінші, 
молекула усті,
деңгейде, 
коллаген талшығының жасушадан тыс кұралуы жүріп, проколлагеннің 
аяккы пептидтерінін үзілуінін нәтижесінде пайда болған тропоколлаген 
молекулаларының ұзына бойына агрегаттар кұралып, сутекті байланыстармен 
көлденеңінен біріктірілуі өтеді. Алдымен протофибриллалар түзеледі, бүйірлік 
байланыстарымен біріктірілген 5—6 протофибрилладан, жуандығы 5 нм бола- 
тын, микрофибриллалар кұралады.
Фибробласттардын өндіретін гликозаминогликандарының катысуымен 
коллаген талшығынын түзелуінің үшінші, 
фибриллярлық
деңгейі калыптасады. 
Коллаген фибриллалары, жуандығы орташа есеппен 20—100 нм болатын
көлденең жолакты кұрылымдар. Ашык және күңгірт аймактардың кайталану 
кезендері 64-67 нм (8.9, 8.10-суреттер). Параллельді катарларда коллагеннің 
әрбір молекуласы, көрші тізбекпен салыстырғанда, ширек ұзындыкка 
ығыстырылған деп есептеледі, ал бұл күнгірт және ашык түсті жолактардың 
кезектесе орналасуын туындатады. Электронды микроскопта күңгірт 
жолактарда, коллагеннің молекулаларында полярлы амин кышкылдардың 
орналасуымен камтамасыз етілген, екінші реттік көлденен сызыктар көрінеді.


2 0 6
8-Тарау. Дәнекер тіндер
Ядро
Цитоплазма
Ж асуш а аралық зат
ДНҚ
Үш марте 
. П олисом алар шиырш ық
Коллаген 
\(тропоколлаген)
Талшық
и-РН Қ
1 -1 0 мкм


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет