0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»



бет21/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: проблеманың қойылуы.
2-қадам: шағын топтарға бөлу («дөңгелек стол»).
3-қадам: «дөңгелек стол» жұмысының ережесін қабылдау:

  • әрбір сөйлеуші ортаға қаламын қою арқылы өз қатысымын белгілейді;

  • топтағы барлық оқушының қаламы ортада жатпаса, қатысушы қосымша өз ойын айта алмайды;

  • оқытушы столда жатқан кез-келген қаламды ала сала, «дөңгелек столдың»кез-келген қатысушысынан оның қандай «үлесі» бар екенін сұрай салады.

4-қадам: қабылданған ережеге сәйкес «дөңгелек стол» басында проблеманы талдау.
5-қадам: кіші топтарда болған әңгімені түйіндеу.
6-қадам: әр «дөңгелек столдағы» оқушылардың әңгімелерінің нәтижесіне презентация жасалады.

«Дөңгелек стол »әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:

  • ұсынылған ақпарат, проблема бойынша кластастарына өз елестетуін жеткізе білу;

  • кластастарымен өз жұмысын талқылау, мәтінге, проблемаға терең талдау жасау;

  • идеяларын кластастарымен алмастыру, өзгелердің пікірін ескере отырып, қорытынды жасау ;

  • таным әрекетінде қарым-қатынас жасау шеберлігі.

Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: проблеманың қойылуы
2-қадам: кіші топтарға бөлу («дөңгелек стол»).
3-қада: «дөңгелек стол» жұмысының ережесі бойынша:

  • әр сөйлеуші берілген проблема бойынша өз пікірін, өз ойын бәріне ортақ бір параққа жазады ды, келесі сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі тағы да сол қағазға өз пікірін, өз ойын жазып, қасындағы көршісіне береді, сөйтіп, әрқайсысының қатысқаны белгілі болып тұрады;

  • әр қатысушының парақтың бәрін айналып шыққанына қызығушылығы болуы керек;

  • қолдан келсе, әр қатысушының өз ойын жазатын өзіне ғана тән қаламының түсі болуы керек.

4-қадам: «дөңгелек столдың» ережесіне сәйкес проблема жайлы пікірталас.
5-қадам: кіші топтардағы әңгіме нәтижесін түйіндеу.
6-қадам: «дөңгелек стол» қатысушыларының әңгімелерінің нәтижесінде презентация жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет