1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет29/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
11 дәріс. Тақырыбы: Кесінділеді парафинді блоктардан дайындау.
Дәрістің мақсаты: Кесінділеді парафинді блоктардан дайындау
Жоспары:
1. Кесу.
2. Парафинді кесінділерді дайындау
3. Жапсыру тәсілдері

Кесу. Ағаш қалыпқа жапсырылған парафинді блокты микротомның қысқышына берік бекітеді. Кейін, пышақтың дұрыс орналасу бұрышын және кесу бұрышын орнатып, оны винттік қысқыштармен бекітіп, блоктың үстіне орналастырады. Осыдан кейін беру механизмін реттей отыра, блокты оның жоғарғы беті горизонтальді бағытты жатуын және пышақ ұстарасына 0,5 – 1 мм жетпейтіндей етіп жатқызады. Блокты пышаққа дұрыс келтіріп болғаннан соң қалың кесінділер алу үшін микрометрикалық шкалаларды орналастырады және пышақты сырғығыштар жоғары қарай алғашқы толық кесінділер алынғынша бағыттап отырады. Кейін блокты модельдеуді жүргізеді: скальпельмен артық парафинді кесіп тастайды және блокқа төртбұрышты пішін береді.Осыдан кейін микрометрикалық шкаланы кесіндінің керекті қалыңдығына орнатады да, материалды толық кесуге бет бұрады.


Пышақты сырғығыштарды артық күшті қолданбай жылжыту керек.
Тұтқаны қатты баспау керек, өйткені сырғып тұрған беттердің арасындағы майды ығыстырып жібереді және пышақ жылжып кетеді, соның нәтижесінде кесінділер біркелкі болмай шығады. Микротомдық пышақты блоктың үстінен өтіп жатқанында шапшаң жылжыту керек.
Оқу үстіндегі лаборанттарға қалыңдығы 14-16 мкм гистологиялық кесінділерден бастағаны жөн, тек техниканы игеру деңгейге қарай кесінді қалыңдығын азайтып отыру керек.
Дұрыс құйылған үлкен емес орган және ұлпа бөлшектері бөлмеде оптимальді температура болғанда жақсы кесіледі және, әдетте, пышаққа жайылған күйінде жатады. Үлкен блоктарды және қатты материалды кескенде кесінділер жиі оралып кетеді. Алайда қаламсаппен (кисточка) кесіндіні алдыңғы жағынан көтеріп ұстап тұру арқылы аталған жағдайдан құтылуға болады. Кесіндінің пышаққа қысылмауын бақылап тұру керек, өйткені оның зақымдалуы және жабысып қалуы мүмкін. Дайын кесіндіні пышақтан абайлап дымқыл қаламсаппен (35-400С) алады және дайындалған заттық шыныға немесе жылы дистилденген суы бар чашкаға салып қояды. Кесіндінің төменгі бөлігінде ауа көпіршіктері пайда болмас үшін суды алдын ала қайнатады, өйткені ол көпіршіктер кесіндінің шыныға біркелкі жабысуына кедергі келтіреді. Кесінділерді пышаққа қарасты бетімен суға салып қояды және оны өзіне тән жылтырлықпен анықтайды (жоғарғы беті үнемі күңгірт).
Кесу кезінде қаламсаптың талшықтары пышақтың кесуші қырына түсіп кетпеуін бақылау керек, өйткені ол пышақтың ұстарасын зақымдайды. Бірнеше зерттеулер үшін сериялық кесінділер алу маңызды. Заттық шыныға жабыстыру кезінде кесінділердің реттілігін шатыстырмау өте маңызды. Ол үшін кесінділер таспасын скальпельмен ұзындығы ¾ болатын бөлек бөлшектерге кеседі де шыныны бойлай немесе көлденең орналастырады. Объектінің көлемі мен заттық шынының мөлшеріне байланысты бір шыны әйнекте кесінділердің түрлі саны орналасады (2-4-тен 25-30 дейін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет