112.Әр түрлі жасанды сауыттар үшін тіссауытын одонтоегеу әдістері. (штампталған, пластмасса, аралас, құйылған, бағалы металдардан жасалған сауыттар).Фарфорлық және керамикалық сауытқа арнап тістерді дайындау барысында көп мөлшердеқатты тіндер алынады.Тісті егеу кейде дентинге дейін өтіп кететін шағын жарақатты сызықтар түріндегі кіреуке құрылымындағы өзгерістерге әкеп соқтырады.Көпір тәрізді протезге арнап тірек тістерді егеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл кезде тістің қатты тіндері көп мөлшерде егеледі /1,5-2мм-ге дейін/, егеу үшін тістерді жансыздандырып алу керек. Тиімді жансыздандыру интралигаментті жансыздандыру жатады. Анестетик тістің байламына еңгізіледі. Бұл әдіс көбіне тістерді егеу кезінде қолданылады. Тірек тістердің қатты тіндерін көп мөлшерде егеу үшін салқын сулық немесе ауалы сулы мұздатқыш әсері бар бор қолданылады. Тірек тістерді тереңдетіп егеу тіс ұлпасының зақымдану қауіпін жоғарылатады, сондықтан әр тістің қауіпсіздік аймақтарын білу қажет. Тірек тістерді егеуде дайындаудың клиникалық кезеңі;Жалпы тістерді жансыздандырып, егеп болған соң, қос қабатты қалып алынады. Орталық окклюзияны анықтау;Егелген тістерге уақытша сауытты немесе көпір тәрізді протезді бекіту;Жасанды сауыттың қаңқасын шақтап көру;Сауытты ауыз қуысына бекіту.Төменгі жақтағы орталық күрек тістің кесу қырының егеу тереңдігі 1,5 мм дейін, бүйірде 1,8 мм дейін, жоғарғы орталық күрек тістерде және екі жақтың сүйір тістерінде 1,8-2мм дейін, бүйір тістердің /үлкен азу тістер мен кіші азу тістер/ шайнау бетінен 2 мм дейін. Бүйір тістің қатты тіндері аз мөлшерде егеледі /0,5-1,2 мм/, оларда кіреуке және дентин қабаты жұқарақ болады. Бұл жерде әр тіс қалыңдығын ескеру керек.Егеу кезінде тіс ұлпасының зақымдану қаупін азайту үшін, үлкен азу тістердің тұтас құйылған сауытын керамикамен әрлеуге болмайды.И.Г Аболмасов бойынша, екі жақтың да алдыңғы тістердің кесу қыры қалың, төменгі жақтың медиальді және дистальді бетінде қабырғаларының қалыңдығы азырақ, сондықтан осы тістерді егеу тереңдігі 0,5-0,8 мм аспау керек. Бүйір тістердің /премоляр және моляр\ шайнау беттері, вестибулярлы, оральді, дистальді, медиальді бетіне қарағанда –тенқалыңырақ /2,81+- 0,85-тен 4,27+-2,26 мм дейін/.Бұл қабырғаның мойын деңгейіндегі қалыңдығы 2,08+-0,32-ден 2,68+-0,41 мм дейін