1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Кеуде торының бұлшықеттері мен шандыр қабықтары, олардың



бет56/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

52.Кеуде торының бұлшықеттері мен шандыр қабықтары, олардың
топографиясы, қызметі.
Кеуде бұлшықеттері, mm.thoraces, топографиялық орналасуына, атқаратын қызметіне қарай: беткей немесе иық белдеу сүйегіне бекитін және меншікті немесе тереңде орналасқан бұлшықеттеріне бөлінеді.
Кеуденің беткей бұлшықеттері:

  • Кеуденің үлкен бұлшықеті, musculus pectoralis major- кеуде торының алдыңғы қапталында жоғарырақ және беткей орналасады. Бұл бұлшықеттің жоғарғы жиегі дельта тәрізді бұлшықетпен беттесіп, дельта-кеуде бұлшықетінің жүлгесін, sulcus deltopectoralis, құраса, бұғана сүйегімен шектескен жиегінде бұғанаастылық ойысы, fossa infraclavicularis, мен төменгі жиегі сырттай қарағанда айқын байқалады. Бұғаналық бөлігі, рars clavicularis, бұғананың медиалды шетінен; төс-қабырғалық бөлігі, рars sternocostalis төстен және II-V қабырғалар шеміршектерінен; құрсақтық бөлігі, раrs abdominalis iштің тік бұлшықеті қынабының қабырғасынан басталады. Бұлшықет тоқпан жіліктің үлкен төмпешігінің қырқасына, crista tuberculi majoris, бекиді. Қызметі: иықты медиалды қапталына қарай тартып, ішке қарай бұрады. Қолды тіреп ұстаған жағдайда, бұлшықеттің кеуде-қабырғалық бөлігінің жиырылу нәтижесінде кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алуға ықпал етеді.

  • Кеуденің кіші бұлшықеті, m.pectoralis minor, үлкенкеуделікбұлшықеттің астында орналасқан, пішіні үшбұрыш тәрізді. II-V-қабырғалардың шеміршектік бөлігі мен сүйектікбөлігінің бір-біріменқосылған жерінен басталып, жауырынның құстұмсық өсіндісіне, processus coracoideus,бекиді. Қызметі: жауырынды алға, төмен тартса,иық белдеу сүйектерін бекем ұстағанжағдайдаII-V қабырғаларды көтеріп, терең дем алуғақатысады.

  • Бұғана асты бұлшықеті, m.subelevius, бұғана сүйегінің астында параллель бағытта орналасқан. I-кабырғаның шеміршекті бөлігі мен сүйектікбөлігінің түйіскен жерінен басталып, processusacromialis-ке бекиді.Қызметі: бұғана сүйегін төмен медиальдыбағытта ығыстырады. Иық белдеу сүйектерінбекемдеп ұстаған жағдайдаI-қабырғаны жоғары қарай көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, тереңдем алу қызметіне қатысады.

  • Tiсшеленген алдыңғы бұлшықет, m.serratus anterior, қолтық қуысының медиальды қабырғасын құрауға қатысады, тістерімен жоғары 8-9 қабырғаның сіңірлік доғаларынан басталып, жауырын сүйегінің медиальды қырына барып бекиді. Функциясы: жиырылған кезде жауырынды сыртқа және алға қарай тартып, қолды горизонталды жазықтықтан жоғары қарай тартады. Жауырынды қозғалтпай ұстаған жағдайда қабырғаларды көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алу қызметін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет