1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары



бет8/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
12.Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары.
Жауабы:
Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскеридемократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскеридемократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана емес, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы да жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болды. Бұл кейін мүлік теңсіздігіне әкеліп соғып, қоғамда байкедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптың қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды.Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстың қағидасы болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш бөлікке бөлініп басқарылған. Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазба деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі — олардың ерекше цалпац киюі.Сармат тайпаларының қалыптасуы сақтар сияқты өте ерте заманнан басталады. Қазақстанның батысын мекендеген олардың ежелгі тұрағы — Арал мен Каспий теңізі арасындағы аймақ. Кейіннен сарматтар б.з.д. III ғ. — б.з. IV ғасырларында Тобылдан Дунайға дейінгі аралыққа таралып қоныстанған тайпалардың жалпы атауына айналды.


13)Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.
Жауабы:
Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған.Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Олар Еуразияда б.з.б I ғасырда болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты болған. Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген.Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған.Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды.Ғұндар 24 рудан құралды.Әр руды Ақсақалдар басқарды.Ақсақалдар мемлекетісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырған. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген.
Ғұндардың шаруашылық-мәдени типінің негізі – көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған.
Ғұн тайпасы Мөде шаньюйдың тұсында саяси күшейіп, халық санын 300 мың адамға жеткізіп, Дунху, Саян, Алтай, Жоғарғы Енисей сияқты тайпаларды жаулап алған. Ғұн мемлекетінің Көшпелі-патриархалды деп сипаттаған.
Ғұндар соғыс кезінде қорған бұзғыш машина, тас атқыш техникаларды қолданған. Олардың негізгі әскери құрамы Атты әскерлер болған.
Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Аттила ( Еділ) билеген тұста Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. Ол Паниония мен Мезияны басып алып Франция жеріне дейін жеткен. Аттиланың (Еділ) тұсында Днестрден Римге дейін, Балтық теңізінен Қара теңізіне дейін жерлерді бағындырған. Еуропаны Римдіктерден азат етті. Ол 453 жылы қайтыс болды, сол уақытта Ғұн мемлекеті ыдырады.


14)Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет