1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


)Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері



бет6/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
8)Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.
Жауабы:
Ерте темір дәуірі б.з.д. VIIIғасыр б.з-дың VI ғасыры
Аралдың шығысында орналасқан ең көне сақ ескерткіші: Түгіскен,Ұйғарақ
Жетісу жеріндегі сақ ескерткіштері: Бесшатыр,Есік,Берел,Шілікті
Шірік-Рабат,Чигучен,Бәбіш-Молда,Аралтөбе,Тақсай ханшайымы,Үржар ханшайымы,


9)Тасмола мәдениеті: қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері. Жауабы:
Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.
Тасмола мәдениетінің басты ерекшелігі:Екі жерлеу орнынан тұрады.Ұлыбай атырабынан Тасмолаға ұқсас ескерткіш табылды.Мұртты обалар табылды.Оның ерекшелігі:Адам мен жылқыны қатар жерлеген.


10)Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.
Жауабы:
Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды.Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге жерлеген.
Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет