1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері



бет43/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78
60. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.
1917 жылғы наурыз, сәуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды. Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.
Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты.
”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Семейде кадеттер ұйымы “Свободная речь” газетін шығарып тұрды. Кадет партиясына мүше болған Ə.Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты.
1917 жылғы көктемде өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. “Жер оны өңдейтіндерге берілсін”, “Жер − бүкіл халықтың меншігі” ұрандарын көтерді. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді.
61. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы. 1917 жылы 25-26 қазанда Петроград қаласында қарулы көтеріліс болып, өкімет билігі Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестеріне өтті. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Мақсаты: уақытша өкіметті құлатып, бұқара халық үкіметін құру. Ал себебі: жұмысшылардың, шаруалардың ұлттық мәселелерінің шешілмеуі яғни ұлттар теңдігі мәселелері шешілмеді, халықтың әл-ауқатының көтерілістердің салдарынанан төмендеуі, жаппай наразылықтың туындауы, аса маңызды нысандар басып саналды. 24-інен 25 қазанға қараған түні Қысқы сарай Кеңестерге бағынып, Уақытша үкімет мүшелері тұтқындалды. Бұл тарихта Қазан төңкерісі деген атпен қалды. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру енгізіле бастады. 25 қазан күні кешке Смольныйда Ресейдегі бүкіл өкімет билігінің Кеңестерге өткендігін жариялаған Кеңестердің ІІ Бүкілресейлік сьезі ашылды. Дүниежүзіндегі алғашқы социалистік мемлекет құрылып, ол Ресей Кеңестік Республикасы деп атала бастады. В.И.Ленин басқарған бірінші үкімет – Халық Комиссарлары Кеңесі (ХКК) сайланды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің құрылуы екі жолмен өтті: бейбіт жолмен – большевиктерге жергілікті жұмысшылар мен кедейлер қолдау көрсеткен өңірлерде (Сырдария, Ақмола облыстарының, Бөкей ордасының көпшілік аудандарында) және қарулы күрес жолымен – большевиктерге қарсы реакция неғұрлым қуатты болған жерлерде (Торғай, Орал және жетісу облыстары). 1917 жылы 30 қазанда Кеңестер өкімет билігін өз қолына алған ең бірінші қала Перовск болды. Қала кедейлері мен гарнизон солдаттары 10 мың адам қатысқан бейбіт митингіге жиналып, өкімет билігінің Кеңестер қолына өткендігі туралы қаулы қабылдады. Қараша айында Кеңес өкіметі Черняевте (Шымкент), Түркістанда, Қазалыда, Әулиеатада (Тараз) және басқа да аймақтарда бейбіт жолмен орнатылды. Ақмола облысында Кеңес өкіметі қараша айында Петропавлда, 1917 жылғы желтоқсанда Ақмола (НұрСұлтан), Көкшетау, Қостанайда, 1918 жылы қаңтарда Атбасар, Ақтөбе және т.б. қалаларда бейбіт жолмен орнады. 1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады. Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты. Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды. Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскери үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға әр өңірден большевиктер: Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, А.Иманов, А.Әйтиев, Т.Бокин, А.Розыбакиев және т.б. қатысты. Және Кеңес өкіметін орнату мен нығайту жұмысына «Үш жүз» партиясы белсене қатысты. Кеңестердің алғашқы қадамдары жаңа билікті орнату мен нығайту және социалистік қайта құрылуға бағытталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет