1 билет Балалар әдебиеті туралы түсінік


Менің ойыншықтарым өленің жатқа айту



бет8/30
Дата02.06.2023
өлшемі95,8 Kb.
#98103
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
балалар әдеб экзамен

Менің ойыншықтарым өленің жатқа айту

8 билет

  1. Бақташылық жырларының тәрбиелік мәні

Бақташылық жырларымен танысу арқылы балаларда жан жануарларға деген сүйіспеншілік қарқорлық секілді қасиеттері балалар бойына сіңеді. Жанурарларға қатысты түрлі өлең тыйым сөздермен танысады.

  1. Өтірік өлең ерекшелігі

Өтірік әңгімелер мен қатар қазақта өтірік өлеңдерде бар. Өтірік өлеңдер де қазақтың халықтық шығармаларында ертеден орын алған жанр. Мұның түп нұсқасы әзіл оспаққа, өткір сынға құралған. Әсіресе балалардың ақыл өрісін кеңейтетін фантазиялық қиял парағы кең шарықтауға дейін мүмкіндік береді. Өтірік өлеңдер өзінің көлемі жағынан үлкен кішілігіне қарамай бәріненде елеулі роль атқарады. Ондағы кейіпкерлер әрекеті тым күлкілі болады. Өтірік өлең астарында күлкі туғызатын жеңіл әзіл, юмор баланы үлкен рахатқа бөлейтін рухани азық. Өтірік өлеңдегі негізі белгі – ақылды ж/е ақылсыз адамдардың мінез құлқын жұртқа жария етіп, оны әзіл оспақ арқылы масқаралау болып келеді.

  1. Ертегінің жанрлық ерекшілігі

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады.

9-билет

  1. Ертегілердің классификациясы және жанрлық түрлері:

Әлемдік фольлортану ғылымында қара сөзбен айтылатын ауыз әдебиетінің барлық түрін халық прозасы деп, оны 2 топқа бөледі:
Аңыздық проза
Ертегілік проза
Ертегілік проза немесе ертегілер адам баласының еңбек, кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған.
Негізінде ертегілерді пайда болу кезеңімен, мән-маңызына қарай 2 топқа бөлу қажет сияқты.
1.Қазақ жеріне ислам дінінің келуіне дейінгі ертегілер.
2.Ислам діні келгеннен кейін пайда болған ертегілер.
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
4) тұрмыс-салт ертегілері.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет