1 билет Балалар әдебиеті туралы түсінік


Бақташылық жырдың бала тәрбиесіндегі маңызы



бет7/30
Дата02.06.2023
өлшемі95,8 Kb.
#98103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
балалар әдеб экзамен

Бақташылық жырдың бала тәрбиесіндегі маңызы

Бақташылық жырларымен танысу арқылы балаларда жан жануарларға деген сүйіспеншілік қарқорлық секілді қасиеттері балалар бойына сіңеді. Жанурарларға қатысты түрлі өлең тыйым сөздермен танысады.

  1. Ауыз әдебиетінде балалардың қиялын дамыту мақсатындағы жанр.

  2. Наурыз жырының бала тәрбиесіндегі мәні

Наурыз жыры Халық өмiрiнде балалар, әсiресе, маусымдық мерекелерге ерте араласатын болған. Жұрт балаларын ертiп жүрiп, бұл мерекелердiң мәнiн ұқтырып қана қоймаған, оларға өзiнше тапсырмалар да жүктеген, олардың да өзiнше атқаратын қызметi, рөлi болған. Сондай мерекенiң бiрi – Наурыз Балалардың бұл мерекеге қатысуы жөнiнде төңкеріске дейiн жарияланған көктемгi мереке жөнiндегi баспасөз мәлiметтерiнде де деректер келтiрiледi. Бұл мерекедегi балалардың мiндетi үйден-үйге жүгiрiп хабаршы болу, құттықтау өлеңдер айту болған. Өкiнiшке орай, наурызға қатысты балалар өлеңдерi, ондағы балалардың атқаратын мiндеттерi жөнiнде деректер бiзге жетпедi
7 билет

  1. Қанатты сөздер, афоризмдермен арақатынасы

Қанатты сөздер тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Қанатты сөздер көбіне егіз, жалқы, кейде 3 – 4 шумақтан тұрады. Көлемі бұл мөлшерден артса, нақыл өлең, терме, толғауға айналып кетеді. Мақал-мәтелдерге ұқсас келеді. Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Қанатты сөздер өлең түрінде де, сол секілді қара сөз түрінде де кездеседі. Қанатты сөздерді "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" десе де болады.
Афоризмдер – қысқа сөзбен түйінделген тиянақты белгілі ой.

  1. Бақташылық жырының түрлері, ерекшелігі

Бақташылық — шаруашылықтың бір түрі, мал өсірудің жалпылама атауы. Бақташылық, егіншілік, балық аулау кәсібімен қатар, ертедегі неолит дәуірінен мәлім. Бұдан бұрын, мезолит дәуірінде ит қолға үйретілген болатын. Бақташылықтың маңызы энеолит дәуірінде арта түсті. Ә.Қоңыратбаевтың төрт түлік малға байланысты туған жырларды «бақташылық жырлары» деп бөлекше атағанын байқаймыз. Оны ғалым былайша түсіндіреді: «Бір кездері жабайы, аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған шаруаларды халық төрт түлік малдың „пірі“ деп ұғынып, солар жайында түрліше, аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап бақташылық жырлары туса керек», — дейді-де, өз ойын: «бұрын жабайы, аңдарға сыйынған халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған», — деп жалғастырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет