1 билет ішкі аурулар туралы ілімнің даму тарихы және орыс және кеңестік терапевтік мектептердің қысқаша сипаттамасы


Жүректің абсолютті тұйықтық шекарасьн аныктау



бет17/57
Дата29.04.2022
өлшемі127,46 Kb.
#32763
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Жүректің абсолютті тұйықтық шекарасьн аныктау үшін салыстырмалы тұйықтықты, жүрек конфигурациясын анықтағаннан кейін, жүректің абсолютті тұйықтықты құрайтын шекарасын анықтауға кірісеміз. Бұл жүректің тікелей кеудеге тиіп тұратын, өкпемен жа-былмаған алдыңғы беті немесе бөлігі болып табылады. Әрине, бұл бөлікті перкуссия жасағанда абсолютті тұйық дыбыс естіледі, ол жүректің сол жақ қарыншасынан тұрады. Абсолюттік тұйықтықты анықтауда сол жоғарғыда айтылған перкуссия ережесін сактай отырып орындалуы тиіс. Одан айырмашылығы сол, бұл ретте әлсіз, бәсең перкуссия әдісі қолданылады. Плессиметр саусақты анықтайтын шекарамызға параллель қойып, салыстырмалы тұйықтық шекараларынан бастап бәсең дыбыстан

абсолютті тұйықтықка дейін жылжыта перкуссия жасалынады. Абсолютті жүрек тұйықтығын анықтау, жоғарғы салыстырмалы тұйықтықты анықтағандай, алдымен бірінші оң жақ, кейін сол жақ және жоғарғы шекараларын анықтау тәртібімен жүргізілуі керек.

Жүректің оң жақ абсолютті тұйықтық шекарасын анықтау үшін плессиметр саусақты жүректің сол жақ салыстырмалы тұйықтығының тұсына, төске параллель қойып, өте жай күшпен ақырындап, абсолютті тұйықтық естілгенге дейін, төске қарай жылжыта соғады. Тұйықтық естілген жерде тоқтап, плессиметрдің сыртқы жиегінен, салыстырмалы тұйықтық жағынан белгі қояды. Қалыпты жағдайда абсолютті тұйықтық төстің сол жақ жиегінен өтеді.

Жүректің сол жақ абсолютті тұйықтық шекарасын анықтау үшін жүректің сол жақ абсолютті тұйықтығын анықтаған кезде плессиметрді жүректің сол жағына оның салыстырмалы тұйықтығының шекарасының сырт жағынан орналастырып, ішке қарай тұйық дыбыс шыққанша жылжыта соғады. Қалыпты жағдайда жүректің абсолютті тұйықтығының сол жақ шекарасы салыстырмалы тұйыктық шекарасынан 1-2 см ішке қарай орналасады.

Жүректің абсолютті тұйықтығынын жоғарғы шекарасын аныктау үшін плессиметрді жүректің жоғарғы салыстырмалы тұйықтығының жоғарғы шекарасына орналастырып, төмен қарай, тұйық дыбыс шыққанша, жылжыта соғады. Белгіні саусақтың жоғарғы жиегіне қояды. Қалыпты жағдайда жүректің абсолютті тұйықтығының жоғарғы шекарасы төртінші қабырға тұсына орналасады. Кейбір жағдайларда перкуссияны жүректің абсолютті тұйықтығынан салыстырмалы тұйықтығына қарай жасайды.

Қан тамырлар шоғырының шекарасын анықтау үшін перкуссия жасау өте қиын және күрделі болады, себебі қан тамырлар шоғыры кеуденің жоғарғы аймағында орналасуынан.Бұл жерде өкпе дыбысы ашық, қатты шығады, сондықтан қан тамырларының бәсең дыбысын ажырату қиынға түседі. Плессиметрді теске параллель, екінші қабырға аралығына қойып, ортаңғы бұғана сызығынан төске қарай жылжытамыз, сөйтіп оң жақтан, сосын сол жақтан анықтаймыз. Дыбыс бәсеңдеген жерде саусақтың сыртқы жиегінен белгі қою керек. Қан тамырлар шоғырының ені қалыпты жағдайда 5—6 см. шамасында.



3 БИЛЕТ



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет