Байланысты: 1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері
14. Алаш партиясының құрылуы. Партияның бағдарламасы. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттің қалыптасу эволюциясы Алаш партиясының бағдарламасы - 1917 жылы "Қазақ" газетінде пайда болған бағдарлама. Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмағанбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов. Алайда, жаңа замандағы ұлттық мемлекеттің үлгісіндей болған «Алашорда» автономиясы бар-жоғы екі-үш жылдай ғана өмір сүрді. Кеңестік тоталитарлық жүйе қазақ халқының азаттықты аңсаған идеяларының жемісіндей болған Алашорда мекемелерін таратып тынды. 1919 жылы Алаш қайраткерлеріне саяси айламен кешірім жасалғанымен, кейін олар түгел дерлік әртүрлі қуғын-сүргінге ұшырап, қырып-жойылды.Дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибелерін тиімді пайдалана отырып, бағдарлама авторлары тәуелсіздік жолын, демократиялық дамуды таңдайтындықтарын ашық айтты. Осыларды негіздейтін мемлекеттік-құқықтық идеяларды ұсынды. Бұл мәселелердің бәрін жаңа партия кеңестік қан-төгіс, таптық күрес жолымен емес, ұлттық бірлік негізінде, күрделі саяси реформа арқылы жүзеге асырмақ болды.10 баптан тұратын қысқа ғана бағдарламада қазақ даласының өзекті мәселелері: сөз бен баспасөз бостандығы, жиналыс еркіндігі, тең құқықтық негізде білім беру, оқу орындарында ана тілінде оқыту, дін ісінің мемлекет ісінен бөлектігі, билік пен сот, ел қорғау, салық, жерді сатпау және т.б. идея-лар бар еді. Алаш қозғалысының негізгі идеясы сөзсіз еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Мұны ерте түсінген Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан мұндай мемлекет дегенде қазақтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай және сана-сезімін оята отырып, ортағасырлық әлеуметтік-экономикалық мешеуліктен алып шығатын Батыстық буржуазиялық қатынас жолын таңдағаны белгілі. «Алаш» партиясының бағдарламасында ұлттық мемлекет туралы тікелей сөздер жоқ. Алайда, онда ұлттық мемлекетті басқарудың құрылымы мен сипатына байланысты бірнеше принципті қағидалар бар. Оны«Мемлекет қалпы» (мемлекеттік құрылым-Ә.Б.), «Жергілікті бостандық» және «Билік һәм сот» деп аталатын бірінші, екінші және бесінші тарау-лардан байқау қиын емес.Бағдарламаның «Мемлекет қалпы» атты алғашқы тарауында болашақ мемлекеттің құрылымы арнайы сөз болады. Ресей демократиялық, федеративтік республика болуы керек деген сөздерден басталып, одан ары демократияның мағынасы мемлекетті жұрттың билеуі, федерацияның мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі, әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болып, әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді деген сипатта түсініктеме беріледі. Осындағы тең, іргесі бөлек және өз тізгіні өзінде дегенде бағдарлама авторлары тәуелсіз мемлекетті мегзеп отыр. Ал тәуелсіздік сол елдің байырғы тұрғын халқының ұлттық мүддесіне қатысты екені белгілі.Бағдарламада аса маңызды «Жергілікті бостандық» деген тараудағы өз тізгіндері өзінде болып біріккен қазақ облыстарының Ресей республикасы федерациясының бір бөлігі болуы, реті келсе, қазақ автономия-сы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе отырып, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болуы сияқты ұсыныстар да көп нәрсені аңғартады. Осындағы «қазақ автономиясы» деген тағы да дербестікті, тәуелсіздікті танытып тұр.Сонымен қатар «Алаш» партиясының негізін салушылар би, болыс, ауылнайлардың жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге ықыласты болуларына ерекше көңіл бөлген. Бұл сонау антикалық заманның кемеңгері Аристотельдің мемлекеттің дұрыс түріне әкімдер халық, ел пайдасын ойлаған, билік қоғамға қызмет істеген мемлекеттерді жатқызған идеяларымен ұласып жатыр. Ғылым мен білімге арналған бағдарлама тарауында бастауыш мектептерде оқудың ана тілінде жүргізілуі алға тартылған. Қазақтың өз тілінде орта мектебінің, университетінің болуын күн тәртібіне қоя отырып, авторлардың оқу жүйесінің ұлттық ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлуі біздердің бүгінгі күніміз үшін де ерекше өзекті екенін айта кетсек, артық болмас. Бұл, әсіресе, білім, ғылым басшыларының ағылшын тілінің қамқорын көбірек соғып, қазақ тілін бір айтуға уақыт таба алмай жүргендеріне тағылымды.