20. Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беруде коррекциялық оқыту мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Есту қабілеті бұзылған балаларда бірінші кезекте сөйлеу функциясы нашарлайды. Мүлдем естімейтін және нашар еститін балалар арнайы оқытылмайтын болса, сөйлеу қабілеті тіптен қалыптаспайды. Себебі бала өзгелер түгілі өз даусын да сстімейді. Сондықтан үлгі алатын, еліктейтін фактор болмауы баланың естімеу кемістігіне сөйлей алмау кемшілігін үстеуі мүмкін. Мұның барлығы баланың сыртқы ортамен қарым-қатынасын өлсіретіп, оның тұлғаның дамуындағы танымдық процестерді де төмендетеді.
Ерте коррекциялық көмек көрсетілуі нәтижесінде бұл қиыншылықтарды азайтуға, тіпті жоюға да болады. Баланың есту қабілеттерінің кемшіліктері жөнінде сәл де болса симптомдар байқалған сәттен-ақ оны арнайы медици- налық мекемеде тексеруден өткізгені жөн.
Бала өмірінің алғашқы екі-үш жылында коррекциялық-педагогикалық жұмыс отбасында ұйымдастырылады. Естімейтін баланы оқыту және тәрбиелеу жөніндегі қажетті ақыл-кеңесті ата-ана сурдопедагогтың көмегімен игереді.
Одан соң бұл балалар жалпы мектепке дейінгі мекемелер жанындағы арнайы бала бақшаларда немесе топтарда тәрбиеленеді.
Мектеп жасындағы естімейтін балалар үшін екі түрлі арнаулы мекткптер жұмыс жасайды:
• саңырау балалар үшін;
• нашар еститін және кейінірек естімей қалған балалар үшін. Екінші типтегі мектептерде екі бөлімше болуы тиіс:
1) нашар еститін және фразалық сөйлеу деңгейінде қарым-қатынас жасайтын, есту қабілетін кейінірек жоғалтқат балаларға;
2) сөйлеу қабілеті дамымай қалған балаларға арналған.
Барлық арнаулы мектептердің мақсаты - дамуында ауытқушылықтары бар балалардың жан-жақты тұлға ретіндегі дамуы болса да, аурудың ауырлық дәрежесіне қарай оларды оқытудың өз ерекшсліктері болады.
Нашар еститін балалар категориясына олардың бұзылған есту органдары, ең болмаса, минималды түрдегі сөйлесу қабілетін өз бетімен қамтамасыз етуде жарайтындар жатады. Олардың есту анализаторлары толық емес, ішінара бұзылған. Бұл жағдай оларды мүлдем естімейтін және жақсы еститін балалардан ерекшелейтін фактор.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде оларда сөйлеу қабілеті, ұғым- дық ойлау, сөздік жады қалыптасады; дефектісін компенсациялауды кеңейту мүмкіндіктері арттырылады. Ана тілді тереңдете оқытумен қатар, бұл бала ларға ерін қимылдары арқылы оқыту технологиялары қолданылады; сөйлеу техникасынан арнайы сабақ-жаттығулар, тренингтер өткізіледі.
Нашар еститін балаларды оқытуда көрнскілік орасан зор рөл атқарады: сюжеттік суреттер, макеттер, муляждар, видеоматериалдар.