1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы


Сөйлеудің бұзылу себептері және олардың негізгі түрлері мен жіктелуі



бет19/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
арнайы пед. сессия

22.Сөйлеудің бұзылу себептері және олардың негізгі түрлері мен жіктелуі.
Логопедия - бұл сөйлеудің бұзылуы және оны арнаулы оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде анықтау, түзету және алдын алу әдістері туралы ғылым.
Сөйлеудің бұзылуына алып келетін себептерді негізгі екі топқа бөледі: биологиялық және әлеуметтік. Биологиялық себептерге көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі, толғақ кезіндегі (гипоксия, жарақаттар) және туылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы (ми инфекциялары, жарақаттар, т.б.) патогендік факторлар жатады. Әлеуметтік-психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезекте психикалық депривациямен байланысты.
Логопедияда сөйлеудің бұзылуы клиникалық-педагогикалық және психо- логиялық-педагогикалық көзқарастар аясында қарастырылады. Сөйлеу патологиясының механизмдері мен симптоматикасы клиникалық-педаго- гикалық тұрғыдан зерттеледі. Бұл жерде төмендегідей ауытқушылықтар қарастырылады: дислалия, дауыстың бұзылуы, ринолалия, дизартрия, тұтығу, алалия, афазия, дисграфия және дислексия.
Дислалия - дыбысты дауыстап айтудың бұзылуы. Дислалиялық дыбыс- тық бұзылулар артикулярлық аппарат құрылымының ақауларымен, сондай- ақ сөздік тәрбиенің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Осыған байланысты дислалия механикалық және функционалдық деп бөлінеді.
Механикалық (органикалық) дислалия артикулярлық аппараттың бұзылуына байланысты туындайды. Оған тіс жігінің дұрыс қабыспауы, тіс қатарының аномалиялары, таңдай құрылысының ақаулары, өте үлкен немесе ете кішкентай тіл, тіл жүгенінің қысқалығы жатады.
Функционалдық дислалия, көбінесе бала сөйлеуін дұрыс қадағаламаған, тәрбиелемеген жағдайда, қоршаған адамдардың сөйлеу дефектілері болған кезде, балада фонемалық қабылдау нашар дамығанда, педагогикалық ықпал төмендегенде дамиды.
Логопедиялық практикада дыбыстарды айтудың бұзылуы бірнеше түрге бөлінеді:
• Сигматизм (ысқырып, ышылдап айтылатын дыбыстарды айта алмау);
• Ротацизм («р» әрпін айта алмау);
• Ламбдацизм («л» -ды айтудағы кемістіктер);
• Таңдайлық дыбыстарды айта алмау дефектілері (к, қ, ғ, г, х, й);
• Жұмсарту дефектісі (қатаң дыбыстың орнына оның ұяң жұбы айтылады).
Дауыстың бұзылуы. Бұл дефект дауыс аппаратындағы патологиялық өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Дауыс бұзылуының екі түрі бар:
• Дисфония, яғни дауыстың ішінара бұзылуы (дауыстың жоғарылық деңгейі, күші, тембрі бұзылады);
• Афония - дауыстың мүлдем жойылып кетуі.
Ринолалия - артикулярлық аппарат құрылысының туа біткен анатомия- лық дефектілерімен байланысты пайда болатын дыбыс шығарудың және дауыс тембрінің кемістіктері.
Анатомиялық дефектілерге жырық ерін ауруы, таңдай, қызыл иек жырық- тары жатады. Ринолалия кезінде баланың сөзі түсініксіз болады; ол мұрнынан сөйлейді де, көптеген дыбыстардың айтылуы бұзылады.
Дизартрия - сөйлеу аппаратының иннервациялық жетіспеушіліктерінен болатын дыбыс шығарудың және сөйлеудің мелодиялық (ырғақтық) және интонациялық тұрғыдан бұзылуы.
Дизартрияға шалдыққан балалар жалпы дыбыстарды айқын айта алмайды. Әсіресе артикулярлық тұрғыдан күрделі дыбыстарды (с, з, ц, ш, ш, ж, ч, р, л) шығарулары қиын. Бұл балалардың даусы да әлсіз, қырылдаңқы болады.
Тұтығу (кекештену) - сөйлеу аппаратының бұлшық еперінің тартылуы нан болатын сөйлеу бірқалыптылығының бұзылуы. Әдетте, бұл сырқат балаларда 2-6 жастар шамасында басталады. Тұтығу сөйлеу қабілеті тез дамыған балаларда сөйлеу функциясына күш түсуден, жарақаттанудан неме- се сөздік дамуы тежелген балаларда орталық жүйке жүйесінің белгілі бір құрылымдарының зақымдануынан болады.
Алалия - балалардағы бас миының органикалық зақымдануынан болатын сөйлеудің мүкістігі немесе сөйлеу функциясының мүлдем болмауы.
Алалия - сөйлеу дефектілерінің ішіндегі ең ауыр, күрделі түрі. Сөйлеу патологиясының бұл түріне сөйлеудің кеш пайда болуы, жай дамуы, сөздік қордың шектеулілігі тән. Алалияның негізгі скі түрі бар:
• Экспрессивтік (қимылдық) алалиямен ауырғанда сөздің дыбыстық бейнесі қалыптаспайды.
• Импрессивтік (сенсорлық) алалия физикалық жағынан толыққанды есту қабілеті бола тұра сөзді қабылдаудың, түсінудің бұзылуымен сипатталады.
Афазия - бас миының органикалық зақымдануларынан болатын сөйлеу қабілетін ішінара немесе толықтай жоғалту дерті.
Каппацизм - грек алфавитіндегі к дыбысының атауы. К дыбысының сөйлеу тілінде бұзылып айтылуы, ал басқа дыбыстармен алмасуы паракаппацизм деп аталады.
Ламбдацизм - грек алфавитіндегі л дыбысының атауы, яғни л дыбысының қатаң және жіңішке түрлерінің сөйлеу тілінде бұзылып айтылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет