Туа біткен соқырлық баланың жатырда дамуы кезінде зақымдануынан немесе дертке шалдығуы салдарынан, сондай-ақ кейбір көру дефектілерінің тұқым қуалауынан болады.
Жүре келе пайда болатын соқырлықтың да себептері әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: көру органдарының - тор қабық пен мөлдір қабықтың; орталық жүйке жүйесінің аурулары (менингит, ми ісіктері, менингоэнцефа- лит); ағзаның жалпы аурулары нәтижесінде болуы мүмкін.
Көру анализаторларының бұзылуының 2 түрі бар: үдеп отыратын және үдемейтін (тұрақты). Үдемелі көру дефектілері кезіндегі патологиялық про- цестер нәтижесінде көру функциясы біртіндеп төмендей береді. Мысалы, глаукома дертіне шалдыққандарда көз қысымы жоғарылап, көз клеткалары жиынтығы өзгерістерге ұшырайды. Мида ісік пайда болған кезде де көру нашарлайды. Оқу мен жазудың санитарлық-гигиеналық нормалары сақталма- ған кезде де жақыннан немесе алыстан көру патологиялары дамиды
. Үдемейтін тұрақты көру кемістіктеріне туа біткен дефектілер - астигма- тизм, катаракта, т.б. жатады. Бұл дефектілердің дамуына, сондай-ақ, кейбір аурулар мен көзге жасалған операциялардың салдарлары жатады.
Жоғарыда аталған себептерге байланысты ауру балалар:туа біткен соқыр, ерте жасынан соқыр болып қалған және көру қабілетінен үш жастан кейін айрылғандар деп категорияларға бөлінеді. Бұл жіктелу баланың әрі қарай дамуы үшін көру қабілетінен айырылған мезгілі үлкен рөл атқаратындығына негізделген. Мысалы, іштен соқыр болып туған балада басқаларға қарағанда көру образдары мүлде болмайды.
Сокыр болып туғанбалалардың психофи- зикалық даму заңдылықтары сау балалармен бірдей, бірақ көру бағыттары- ның жоқтыгы олрдың қимыл-қозғалысына, әлеуметтік дамуына кері эсер етеді. Соқырлар үшін ерекше багыт рөлін дыбыстар атқарады.
Көру қабілетін кешірек жогалтқаи балалар соқыр болып туған балалардан елестету функциясының сақталуымен ерекшеленеді. Олар эрі қарай заттарды сөздік сипаттау нәтижесінде дамып отырады.
Нашар көретіндерде төменгі дэрежеде болса да, кору анализаторлары танымдық процесте жетекші рөл атқарады. Қоршаған дүниені көру оларда шектеулі, баяу және бұлыңгыр.