1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы



бет31/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
арнайы пед. сессия

Нашар көретіндерде төменгі дэрежеде болса да, кору анализаторлары танымдық процесте жетекші рөл атқарады. Қоршаған дүниені көру оларда шектеулі, баяу және бұлыңгыр. Сопдықтан олардың көріп қабылдауының өзіндік сапалық ерекшеліктері бар. Мысалы, оларды түсті, олардың түрлі ревдерін айыру мейліише нашар. Заттар мен олардың бейнесін қабылдауда, сондай-ақ көз қимылының да мэні зор.
Нашар көретін балалар мінезінің түрлі ерекшеліктерімен ашушаңдығымен, тұйықтығымен, мінезінің кейбір жағымсыз белгілерімен ерекшеленеді. Бұл кемшіліктер оқудағы, ойындағы, құрдастарымен араласу барысындағы қиындықтар мен сәтсіздіктерді түсіндіреді.



  1. Көруінде ауытқуы бар балаларға арнайы білім беру жүйесі

Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы.
Көру қабілеті бұзылған балалардың ата-аналары мамандардың (тифлопедагог, психолог, офтальмолог) консультациялық көмегіне үнемі сүйеніп отыруы тиіс. Соқыр немесе нашар көретін балалардың ата-аналары баланың жас кезінен бастап оның қоршаған ортаны қабылдауына мүмкіншіліктер жасауы тиіс. Баламен қарым-қатынаста оған ақпаратты ауызша үзбей бере отырып «есту арқылы көруге» қалыптастыру қажет. Анализаторлардың компенсаторлық қайта құрылуы көбіне отбасы тәрбиесіне байланысты. Көре алмауы баланың әлеуметтенуінде де өз ізін қалдырады. Соқыр балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде 2-3-тен - 7 жасқа дейінгі көрмейтін, нашар көретін және қыли балалар оқытылып тәрбиеленеді. Бұл мекемелердің мақсаты - балалардың бұзылған көру функциясын емдеу, мүмкін болса қалпына келтіру, оларды мектепте оқуға дайындау. Сондай-ақ көрудің қалған мүмкіндіктерін пайдалану, танымдық, тұлғалық тұрғыдан дамыту, кеңістікте бағыт ұстау мен өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастыру бағытында коррекциялық жұмыстар жүргізіледі. Соқырлар мен нашар көретін балаларды мектепте оқытудың өзіндік принциптері мен міндеттері бар, яғни бұзылған көру функцияларын қайта қалпына келтіру, коррекция және компенсация. Ал тифлопедагогиканың ең басты мақсаты - ол дамуында ауыткушылықтары бар балалардың тұлға ретіндегі жан-жақты толысуы, дамуы. Осыған байланысты оларға арналған мектептердің атқаруға тиіс функциялары бар. Олар - оқыту-тәрбиелеу; коррекциялық-дамытушылық; санитарлық-гигиеналық; емдеу-қалпына келтіру; әлеуметтік бейімделу және кәсіби бағыттандырылу функциялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет