1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы


Тифлопедагогиканың пәні мен міндеттері



бет26/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
арнайы пед. сессия

30.Тифлопедагогиканың пәні мен міндеттері
Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Ғылым саласы ретінде 19 ғасырдың басында дами бастады. Кеңес Одағы кезінде әр түрлі ауытқуы бар балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу мекемелері ашылып, олар жалпы білім беру жүйесіне кірді. Көру қабілеті бұзылған арнайы оқыту мекемесінде білім алып, жоғары оқу орындарына түсуге жағдай жасалған. Олардың арасында акад. Л.С. Понтрягин және А.Г. Витушкин, проф. В.И. Зубов, жазушылар Н.Островский, Э.Асадов, Н.Силков, А.Притчина, сазгерлер В.Никитин, Н.Поликарпов секілді көрнекті тұлғалар да бар. Тифлопедагогика саласында мол еңбек қалдырған Б.И. Коваленко мен В.С. Сверлов болды. Тифлопедагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде философияға, гуманистік тәрбие мен жалпы-дидактикалық оқыту принциптеріне, көру қабілетінің кемістігі бар адамдардың өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды. Тифлопедагогиканың жаратылыстанудағы сүйенетін негізі И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы ілімі. Сондай-ақ тифлопедагогика тифлопсихология, патофизиология, педиятрия, психоневрология ғылымдарымен де тығыз байланысты. Қазақстанда соқырлардың алғашқы мектебі 1932 ж. Алматыда ашылған. Қазір зағиптарға арналған 9 арнайы мектеп, бала-бақшаларда арнайы топтар бар.
Тифлопедагогиканың ғылым ретіндегі атқаратын міндеттері:
• Көруді психологиялық-педагогикалық және клиникалық тұрғыдан,
сонымен бірге көрудің бұзылуы жағдайындағы психикалық және физикалық
аномалияларды зерттеу;
• Соқырлық және нашар көрушілік жағдайларында бұзылған көру функцияларын қайта қалпына келтіру, түзету немесе компенсациялау шарттары мен жолдарын анықтау;
• Көздің көру функциясының бұзылуы нәтижесінде жеке тұлғаның қалыптасып, дамуының ерекшеліктерін зерттеу;
• Соқыр және нашар көретін балаларды ғылым негіздеріне, политехни-
калық, кәсіби білімдерге баулуда оқу мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін
айқындау, тәжірибеге енгізу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет