36.Қарасан ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері.Қарасан (Gangrena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қарасан – ірі қараның бұлшық еттерін зақымдап, дененін әр жерінен газды ісіктер пайда болғызатын жұқпалы ауру. Көбіне бұл індетке 4 жасқа дейінгі ірі қара шалдығады, қой малы сирек ауырады.
Тарихи деректер. Қарасан ерте заманнан белгілі, бірақ, оны ұзақ уақыт топалаңмен шатастырып келді. 1870 ж Ф. Шабер бұл екі жұқпалы аурудың клиникалық белгілерін талдап, бір-бірінен ажыратты. Қоздырушысын-1887 ж. С. Арлуэн мсн Ж. Томас ашгы. 1925 ж Лекленш пен Валлэ вакцина ұсынды.