34.Туберкулез ауруының емі, алдын алу. Туберкулез (лат. tuberculosis, грек. Рhthisis) – созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар /туберкулалар/ пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Туберкулезбен ауырған малды емдемейді, оны сою қажет. Сау емес аң фермаларда туберкулезді дауалау үшін тубазид (изониазид) қолданылады. Дәріні жемге қосып күніне бір рет 10 мг/кг дозада 75 күн қатарынан береді. Басқа жануарларға, атап айтқанда ірі қараға, туберкулезге қарсы тубазид қолдану ойдағыдай нәтиже бермейді.
Иммунитет туберкулез кезінде стерильді емес, сондықтан негізінен организмде аурудың қоздырушысы болғанда ғана сақталады. Медицинада қолданылатын БЦЖ вакцинасымен туберкулезге қарсы күзенді егеді. Аурудан сау емес аң фермасында туғанынан соң 20-30 күн өткен күзен күшігіне осы препарат жіберіледі. Егілген аңда иммунитет 6-8 ай сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |