1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Туберкулез ауруының күресу шаралары



бет41/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

35.Туберкулез ауруының күресу шаралары. Туберкулез (лат. tuberculosis, грек. Рhthisis) – созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар /туберкулалар/ пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Сау шаруашылықтардағы барлық шаралар сырттан ауру қоздырушысын әкелуден қорғауға бағытталады. Ол үшін фермаға туберкулезден таза шаруашылықтардан сау малды ғана алады. Әкелінген малды 30 күндік карантин кезінде туберкулезге тексереді. Жемшөпті туберкулезден сау шаруашылықтардан ғана алады. Төлге берілетін көк сүт пастерленіп, жиналған ас қалдықтары термиялық өңдеуден өткізіледі. Малды күтуге туберкулезбен ауыратын адам жіберілмейді, ферманың территориясында құс ұстауға рұқсат етілмейді. Қора жайларды оқтын-оқтын дезинфекциялап, кемірушілер мен кенелерді жойып отырады.

Туберкулездің таралуына жол бермеудің ең басты-шарты – аурудың шығуын уақыттылы анықтау ол үшін ретті түрде тексеру жүргізіп тұру қажет. Міндетті түрде туберкулезге тексерілуге тиіс малдар: сиырлар, құнажындар мен қабандар. Тексеру реті: ірі қараны асыл тұқымды шаруашылықтарда, мал кешендерін толтыру үшін мал беретін, балалар мекемелеріне, емдеу орындарына, демалыс үйлеріне және сауда жүйесіне тікелей сүт беретін шаруашылықтарда және туберкулезден сау емес мекендермен тікелей шекаралас болған жағдайда жылына 2 рет тексереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет