1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Қарасан ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет46/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

39.Қарасан ауруының патанатомиялық өзгерістері. Қарасан (Gangrena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қарасан – ірі қараның бұлшық еттерін зақымдап, дененін әр жерінен газды ісіктер пайда болғызатын жұқпалы ауру. Көбіне бұл індетке 4 жасқа дейінгі ірі қара шалдығады, қой малы сирек ауырады.

Малдың өлексесі сырт қарағанда жай көзге ісінген болып көрінеді; Өлексенің бір жерінде сықырлайтын ісіктер бар екені байқалады. Оны пышақпен тіліп жібергенде ішінен көпіршіген газ араласқан сарысу шығады. Сөл бездері үлкейгені қолға бірден байқалады. Бұл ауруда қан жақсы ұйыды, бірақ түсі күңгірт, қызыл болып көрінеді.

Көкірек және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-сарғыш түсті күңгірт сұйық іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп, болбырайды. Бауыры ұлғайып, өліеттенген телімдер пайда болып, газ көпіршіктері байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де кездеседі. Сірлі қабықтары әдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда болады.

Егер мал өлексесінің сыртқы түрінен қарасан ауруынан өлгені анықталса, онда оны сойып керудін кажеті жоқ. Себебі өлексені сойғанда қан сарысумен ауру қоздырғыш сыртқы ортаға көп мөлшерде тарайды да, қауіпті ауру таратқыш ошақтар құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет