42.Қарасан ауруының күресу шаралары. Қарасан (Gangrena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қарасан – ірі қараның бұлшық еттерін зақымдап, дененін әр жерінен газды ісіктер пайда болғызатын жұқпалы ауру. Көбіне бұл індетке 4 жасқа дейінгі ірі қара шалдығады, қой малы сирек ауырады.
Ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су көздерінен суаруға, сазды жайылымдарға жаюға, топырақпен былғанған жемшөп беруге болмайды. Ферма мен жайылым территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жануарларды жарақаттанудан сақтау керек.
Қарасан шыққан шаруашылыққа карантин қойылады. Ауруғу бейім жануарларды, ауырған мал жанасқан жемшөпті басқа шаруашылыққа әкетуге тыйым салынады. Ауырған және күдікті малдарды оқшаулап, емдейді. Қалғандарын түгелдей вакцинамен егеді. Ауырған малды лажсыз союға, еті мен сүтін пайдалануға болмайды. Өлексені терісімен бірге, көң мен жемшөптің қалдығын жағып, өртейді. Қора-жай мен мал тұратын ауланы механикалық тазалаудан кейін дезинфекциялайды. Ағымдағы дезинфекцияны әрбір ауру мал бөлінгеннен кейін 3 қайтара сағат сайын жүргізеді. Оқшаухана күн сайын дезинфекцияланады. Дезинфекция 4% формальдегид, 10% күйдіргіш натрий, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әкпен жасалынады.
Карантин соңғы ауру мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін 14 күн өткен соң қортынды дезинфекциядан қейін алынады.Қасапханада қарасан байқалған жағдайда ұшаны барлық ағзалары мен терісін қоса утиль зауытына жібереді немесе өртейді. Қасапхананы, құрал жабдықтарды дезинфекциялайды.
2-деңгей
Достарыңызбен бөлісу: |