38.Қарасан ауруының патогенезі. Қарасан (Gangrena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қарасан – ірі қараның бұлшық еттерін зақымдап, дененін әр жерінен газды ісіктер пайда болғызатын жұқпалы ауру. Көбіне бұл індетке 4 жасқа дейінгі ірі қара шалдығады, қой малы сирек ауырады.
Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб қанға өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге тұрақтайды. Клостридиялар оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп-өнеді. Оның нәтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп, ұсақ қан тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады. Бұның нәтижесінде зақымданған телім домбығып, басып көргенде сықырлайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл организмді улайды. Бұдан барып дененің ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың ақыры өлімге соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |