1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет56/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

7.Делбе ауруының күресу шаралары. Жылқының делбесі немесе жұқпалы энцефаломиелит (Encephalomyelitis enzootica equorum, инфекционный энцефаломиелет лошадей) – орталық жүйке жүйесі мен ішек-қарынның зақымдануымен, дененің сарғаюы және жоғары өлім көрсеткішімен сипатталатын, жіті өтетін ауру. Делбенің қоздырушысы тоговирустар тұқымдастығының альфа және флавивирустар туыстастықтарына жататын арбовирустар.

Ауру және күдікті жылқы бөлек күтіліп емделеді. Ауру жұғуы мүмкін деп табылған жылқы жеңіл жұмысқа қосылады, күн сайын олардың дене қызуын өлшеп отырады. Оларға арналған рационда ас тұзының мөлшері екі есе көбейтіледі, жылқы түнде жайылымға шығарылмайды. Қан сорғыш насекомдарды ұдайы қырып-жойып отырады. Ат қора күйдіргіш натрдың 2-3%-тік ыстық ерітіндісімен, формалиннің 3-5%-тік ерітіндісімен немесе креолиннің 3-5%-тік эмульсиясымен дезинфекцияланады.

Жылқыны маса, сонасы көп, сулы-сазды жерге, әсіресе, ауру қаупі бар аймақтарға жаймау керек. Ауру шыға қалса сау малды жәндіктерден қорғау үшін инсектициттер қолданылады. Ауру шыққан пунктке карантин қойылады. Барлық жылқыны клиникалық тексеруден өткізіп, әсіресе, кілегейлі қабықтарына көңіл аударып, температурасын өлшейді. Ауырған және күдікті жануарларды оқшаулап, емдейді. Жазылған жылқыны бір ай бойы мінуден, жегуден босатады. Карантинді ең соңғы ауырған мал жазылғаннан немесе өлгеннен кейін 40 күн өткенде қорытынды дезинфекция жасаған соң алады. 8.Сақау ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Сақау (Adenitis equorum, мыт) – жіті өтетін, мал денесінің ыстығы көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып және жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жылқының жұқпалы ауруы. Сақаудың жұқпалы ауру екендігін 1888 ж Шютц анықтады. Қоздырушысы – Streptococcus equi - домапақ немесе сопақша микроорганизм. Мұнымен әдетте 5 айдан 1,5 жасқа дейінгі құлындар ауырады.

Сақау стрептококтары қозғалмайды, спора түзбейді, анилинді бояулармен және Гимза бояуымен боялады, ал қоңыр акридинмен (2мин.) әр түске (стрептокок - қызыл, басқа микробтар көк түсті) боялады. Кепкен іріңде сақау қоздырушысы 6 ай, көңде 4 апта, ал пішенде, теріде, жүнде 22 күнге дейін сақталады. 75°С-қа дейін қыздырғанда 1 сағатта, қайнатқанда бірден өледі, 5% карбол қышқылының ерітіндісі. 2% формалин, 3% креолин сақау стрептокогін 10-15 мин. өлтіреді.

Табиғи жағдайда сақаумен, әлбетте, көбінесе 5 жасқа дейінгі жас малдар ауырады, aл сақа малдар сирек шалдығады, малдың күтімі нашарлағанда сақау зілді өтеді. Қоздырушының бастауы болып ауру жылқылар саналады, олардың танауынан, жарылған сөл түйіндерінен аққан іріңде сақау стрептококтары көп болады. Қоздырушы малға негізінен ауа немесе алиментарлық жолмен жұғады. Микроб организмге сумен, шөппен түсіп, шетен, тағы басқада заттардан да жұғуы мүмкін. Әлбетте, мал бірін-бірі иіскеп, пысқырғанда, шағылысу кезінде, емгенде ауру жұқтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет