1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Делбе ауруының емі, алдын алу шаралары



бет55/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

6.Делбе ауруының емі, алдын алу шаралары. Жылқының делбесі немесе жұқпалы энцефаломиелит (Encephalomyelitis enzootica equorum, инфекционный энцефаломиелет лошадей) – орталық жүйке жүйесі мен ішек-қарынның зақымдануымен, дененің сарғаюы және жоғары өлім көрсеткішімен сипатталатын, жіті өтетін ауру. Делбенің қоздырушысы тоговирустар тұқымдастығының альфа және флавивирустар туыстастықтарына жататын арбовирустар.

Ауру басталған кезде күре тамырға натр хлоридінің 10 проценттік ерітіндісі (150 мл),ал 30-60 минуттан кейін уротропиннің 10 проценттік ерітіндісі (100 мл) жіберіледі. Тері астына 20 мл камфора майы енгізіледі. Дәрі енгізу ауру малдың күйіне қарай қайталанып отырады.

Сонымен қатар, малға күніне екі рет 100 г глаубер тұзын ішкізеді. Тік ішекке жиі-жиі салқын су құйып (клизма), оны нәжістен босатады.

Ауру жылқы су ішпесе әрбір 25 минут сайын оның ауызына су тамызып отырады. Күйі тым нашар болса, жоғарыда көрсетілген дәрілерге қоса, жылқының күре тамырына Кадыков әдісімен 250-300 мл камфора ерітіндісін береді. Мал ұзақ уақыт ауруынан айықпаса, оның өз қанын өзіне құяды. Ауру жылқыға арналған рационға жұмсақ сулы шырынды азық қосады.

Ауру жылқыны оқшаулап, қараңғы, кең қорада, мол төсеніште ұстайды. Жануардың тік ішегін тазалап, қуығына катетр жіберіп, босатып, массаж жасайды. Зонд арқылы қарынына тәулігіне 2 рет 100-150 г натрий сульфатын суға езіп жібереді, тері астына 4-6 сағат сайын 20 мл камфора майын, көк тамырына 25 г уротропин, 20 г кальций гидрохлоридін 400 мл физиологиялық ерітіндіде ерітіп жібереді. Оксигенотерапия жақсы нәтиже береді. Көк тамырға ас тұзының 200 мл гипертониялық ерітіндісін беру (2-3 тәулік аралатып) емнің нәтижесін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет