1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Делбе ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет53/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

4.Делбе ауруының патанатомиялық өзгерістері. Жылқының делбесі немесе жұқпалы энцефаломиелит (Encephalomyelitis enzootica equorum, инфекционный энцефаломиелет лошадей) – орталық жүйке жүйесі мен ішек-қарынның зақымдануымен, дененің сарғаюы және жоғары өлім көрсеткішімен сипатталатын, жіті өтетін ауру. Делбенің қоздырушысы тоговирустар тұқымдастығының альфа және флавивирустар туыстастықтарына жататын арбовирустар.

Теріасты шелі, ішкі қуыстардың сірлі және кілегейлі қабықтары сарғайып, үлпершек ағзалар мен жүректе ұсақ және жолақты қанталаулар болады. Жүректе, кеңсірікте, қуық пен ішектің кілегейлі қабықтарында қанталау тұрақты кездеседі. Қарын әлбетте құрғақ, тығыз жынға толып, керіліп тұрады, қабырғасы жұқарады. Бауыр көбінесе кішірейіп, босаңсып, шеті жұқарады. Тіліп қарағанда алабұртып, түрі сарғыш, кейде қоңыртым тартады. Бауырдың кесіндісін бекіту үшін формалинге салғанда, ерітінді жасыл түке боялады.

Жүрек аздап ұлғайып, босаңсып, жүрек етінде ноқатты қанталаулар ұшырасады. Бұлшық еттері де босаңсып, сіңірлері сарғыш тартады. Көк бауырда гемосидерин азаяды. Бүйректерде қан тоқырап, иір түтікшелерінің эпителийі бұлдырап ісінеді. Мида қан тамырларын қан кернеп, кейде домбығу байқалады, ноқатты қанталаулар кездеседі, жүйке жүйесіндегі өзгерістер дегенеративті бағытта болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет