1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет52/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

3.Делбе ауруының патогенезі. Жылқының делбесі немесе жұқпалы энцефаломиелит (Encephalomyelitis enzootica equorum, инфекционный энцефаломиелет лошадей) – орталық жүйке жүйесі мен ішек-қарынның зақымдануымен, дененің сарғаюы және жоғары өлім көрсеткішімен сипатталатын, жіті өтетін ауру. Делбенің қоздырушысы тоговирустар тұқымдастығының альфа және флавивирустар туыстастықтарына жататын арбовирустар.

Вирус жылқының денесіне қан сорғыш жәндіктер арқылы енеді, қан мен сөл арқылы әр түрлі ағзаларға түседі. Миға өткен вирус мидың қыртысы мен қыртыс астындағы қабыну процестерін тудырады. Симпатикалық жэне парасимпатикалық жүйелердің қызметі бұзылып, рефлекторлық қозу күшейіп, нәтижесінде жануар шектен тыс мазасызданып, тер басып, организм сусызданады. Ішкі мүшелерде, әсіресе, бауыр мен бүйректе, дистрофиялық өзгерістер өрбиді. Қандағы зат алмасу өнімдерінің өңделуі бұзылып, нәтижесінде билирубиннің мөлшері артып, көзге көрінетін кілегейлі қабықтар, ішкі сірлі қабықтар, тері асты шелі сарғаяды. Қанда хлоридтер азайып, ацидоз, аноксемия, гликемия, азотемия орын алады.

Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, дененің сусыздануы мен азғындауы, интоксикация және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі жануардың өліміне әкеп соғады. Аурудан жазылған малда мықты иммунитет қалыптасады. Ондай жануарлардың қанында вирусқа қарсы антиденелер 2 жылдан артық сақталады. Жылқы делбемен қайталап ауырмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет