42.Сальмонеллез ауруының күресу шаралары. Сальмонеллез, немесе қылау, (Salmonellosis, паратиф) – жіті өткенде қызбамен және іш өтумен, ал созылмалы өткенде өкпенің қабынуымен ерекшеленетін төл ауруы.
Төлдің қылауға шалдығуының негізгі себебі малды дұрыс бағып-күтпеу, зоогигиеналық-санитариялық шаралардың дұрыс жүргізілмеуі болғандықтан, аурудың алдын алу үшін малдың күтіміне, малды төлдетуге, жас төлді дұрыс бағуға баса назар аудару керек. Сонымен қатар ауруға қарсы арнайы шаралар ретінде сальмонеллезге қарсы вакциналар кең қолданылады. Вакцинамен буаз малды да, жаңадан туған төлді де егуге болады.
Шаруашылықта сальмонеллез байқалғаңда ауруға барлық малды клиникалық тексеруден өткізіп, термометрмен ыстығын өлшейді. Ауырған және күдікті жануарларды бөліп алып емдейді. Сау малды вакциналайды. Жемшөптің сапасына, малды азықтаңдыру тәртібіне қатаң бақылау енгізеді. Қора жайды, құрал-сайманды дезинфекциялап, кемірушілерге қарсы дератизация шараларын жүргізеді.
3-деңгей
Достарыңызбен бөлісу: |