1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Ньюкасл ауруының клиникалық белгілері



бет92/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

2.Ньюкасл ауруының клиникалық белгілері. Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle, ньюкаслская болезень, псеводчума) – тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Newcastle disease paramyxovirus, парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус.

Тауықтар 4-7 күн, шөжелер 24 сағат инкубациялық кезеңнен кейін ұйқы басып, тынысы тарылып, температурасы 43-44 градусқа көтеріледі, танау қуысында кілегей жиналады, ауыз арқылы дем алып, қарлыққан үн шығарады. Ауру көбінесе жіті түрде 1-4 күн, сирек жітілеу түрде 7-10 күн, кейде өте жіті түрде өтіп, 1-3 сағатта ауруға тән белгілері білінбей – ақ өледі.

Созылмалы түрі 2-3 аптаға созылады, ол арықтаумен, аяқ-қолдарының салдануымен сипатталады, ал ересек тауықтар латентті түрде ауырып, клиникалық белгілері білінбей, жұмыртқалауы төмендейді.

Жітілеу және созылмалы кезеңінде құстардың сезімталдығы жоғарылайды, дірілдеп құсады, мойны қайырылады, теңселіп, айналып жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет