1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет23/132
Дата28.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#130617
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   132
3.1.4. Күштерді топтастыру 
Физикада саны көп әр түрлі күштердің қарастырылатыны бізге мектеп 
бағдарламасынан белгілі. Мысалы: серпімділік күші, үйкеліс күші, электрмагниттік 
күштер, тартылыс күші және т.б. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, күшті өзара әрекет 
қарқындылығының сандық мөлшері деп түсінсек, өзара әрекеттің осы заманда белгілі тек 
төрт түрін ғана ажырата аламыз: 
1)гравитациялық; 
2)электрмагниттік; 
3)күшті, немесе ядролық; 
4)әлсіз. 
Жоғарыда аталған, немесе аталмаған кез келген күшті осы өзара әрекеттердің біреуіне, 
немесе бірнешеуіне жатқызуға болады. 
а)Гравитациялық өзара әрекет 
тартылыс заңына бағынады. Қазіргі заманда тек бір 
құбылыс – Меркурий перигелийінің жүз жыл аралығында 42
ʹʹ
ке айналуы Ньютон заңына 
бағынбай Эйнштейннің салыстырмалылықтың жалпы телориясымен түсіндіріледі. 
Гравитациялық күштердің қарқындылығы өте аз. Тек әрекеттескен денелердің өлшемдері 
астрономиялық болғанда ғана тартылыс күштері елеулі роль атқарады. Гравитациялық 
өзара әрекеттің табиғаты әлі толық анықталған жоқ. 
б)Электрмагниттік өзара әрекет 
зарядтардың заңдылықтары дәл белгілі және жақсы 
зерттелген электрлік және магниттік әрекеттерімен байланысты. Есептеулерге қарағанда 
зарядталған элементар бөлшектердің арасындағы электрлік өзара әрекет олардың 
арасындағы гравитациялық әрекетке қарағанда 10
43
есе үлкен екен. Кеңістіктің көп 
бөлігінде, яғни астрономиялық өлшемдерден кіші қашықтықтарда электрмагниттік өзара 
әрекет бас роль атқарады. Бізге белгілі күштердің көпшілігінің – үйкеліс күштері, ілінісу 
күштері, серпімділік күштері және т.б. – табиғаты электрмагниттік болады. 
Электрмагниттік өзара әрекет астрономиялық құбылыстарда да шешуші роль атқарады. 
в)Күшті, немесе ядролық 
өзара әрекет, мысалы протондар мен нейтрондар 
арасындағы тартылу күші. Бірақ, мұндай күштер тек ядро көлемінде емес, сонымен қатар 
басқа да көптеген бөлшектер арасында байқалады. Бұл күштердің әрекет заңы әлі белгісіз 
болғанмен, тәжірибе жүзінде жақсы зерттелген. Күшті әрекет өте жақын қашықтықтарда 
10
-15
м (ядро өлшемі) жүреді. Алыс қашықтықтарда ядролық күштер нольге ұмтылып, 10
-15
метрден кіші қашықтықтарда электрмагниттік күштерден 100 есе артық болады. Күшті 
әрекет классикалық механика көлемінде қарастырылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет