1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет24/132
Дата28.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#130617
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   132
г)Әлсіз
өзара әрекет элементар бөлшектердің өзара түрленуіне себепкер болады. 
Мұндай құбылыстар үшін «күш» түсінігін әдеттегі мағынада қолдануға болмайды. 
Дегенмен,
 
әлсіз өзара әрекет қарқындылығын бағалау қажет екені түсінікті. Себебі, 


бақылауларға қарағанда бөлшектердің өмір сүру уақыты әлсіз өзара әрекет 
қарқындылығына тәуелді. Зерттеулерге қарағанда әлсіз өзара әрекет қарқындылығы 
электрмагниттікке қарағанда 10
15
есе аз, бірақ гравитациялықтан анағұрлым үлкен (
28
10
есе).
 
3.2. Ньютонның екінші заңы 
Дененің күш әрекетінен алған үдеуі тек күшке тәуелді емес, сонымен қатар дененің өз 
қасиеттерімен де байланысты. Егер әр түрлі денелерге бірдей күшпен әрекет етсе, 
олардың алған үдеулері бірдей болмайды. Әрекет етуші күш неғұрлым үлкен болса, 
дененің алған үдеуі соғұрлым үлкен болатыны айқын, яғни үдеу күшке тура 
пропорционал: 
a ̴ F
(3.2.1) 
2 - ші дәрісте айтылғандай, үдеу жылдамдықтың бірлік уақыт аралығында өзгеруіне 
тең екені белгілі. Үдеу неғұрлым үлкен болса, соншалықты жылдамдық мәні тез өседі. 
Дене үдеусіз қозғалғанда, ол бастапқы инерциямен қозғалып келеді дейді. Сондықтан 
денелердің біреуі бірдей күш әрекетінен жылдамдығын азырақ өзгертсе, оны 
басқаларға қарағанда 
инерттілеу
дейді. 
Барлық денелерге тән қасиет – инерттілік денелер жылдамдығын өзгертуге біршама 
уақыт қажеттілігінен байқалады. Осыған орай мынадай тәжірибе қарастырайық (3.2.1-
сурет). Жіңішке жіпке жүк ілінген (3.2.1а-сурет). Жүктің астына дәл сондай жіп 
байланған. Егер төменгі жіпті күрт тартып қалса, ол үзіледі, ал жүк орнында қалады 
(3.2.1б-сурет). Ал төменгі жіпті жайлап тартса, жоғарғы жіп үзіліп, жүк құлайды 
(3.2.1в-сурет).
Келтірілген мысалдың қарапайым түсініктемесі бар. Төменгі жүкті күрт тартқанда қол 
мен жіп арасында әрекет өте аз уақыт аралығында болады. Аз уақыт ішінде жүк 
инерттілігі салыстырмалы үлкен болғандықтан, ол өз жылдамдығын айтарлықтай 
өзгертіп үлгермейді, сондықтан орнында қалады. Керісінше, төменгі жіптің инерттілігі 
аз болғандықтан, оның жылдамдығы тез өзгеріп, соның салдарынан үзіледі. Осы 
айтылғанға байланысты екінші тәжірибенің нәтижесі өзі өзінен түсінікті ғой деп 
ойлаймыз. Сонымен, тәжірибелерге қарағанда инерттілік қасиеті ерекше скалярлық 
шама - массамен байланысты деген ой туады, яғни,
масса – дене инерттілігінің 
өлшемі.
Бұл жерде масса дененің инерттілік қасиетімен қатар басқа денелерді тарту 
қабілетін де сипаттайтынын алдын ала айтып кетейік. Денелердің мұндай өзара 
әрекетін 
гравитациялық
деп атайды: біз ол туралы кейінірек баяндаймыз. Жоғарыда 
айтылғандардан 
𝑎 ∼
1
𝑚
(3.2.2) 
қорытынды туады, мұнда 

- масса. Сонымен, 
k
m
=


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет