1 дәріс Өндірістік гигиена және санитария



бет5/26
Дата25.04.2023
өлшемі138,65 Kb.
#86498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
2 дәріс Еңбек физиологиясы еңбек гигиенасының бір бөлімі болсада, адамның жалпы физиологиясының да бөлімі болып есептеледі.
Еңбек физиологиясы, организмнің функционалдық күйінің еңбек үрдісіне және ол іске асырылатын орта жағдайларымен байланысты болатын өзгерістерін зерттейді. Мұндай зерттеудің мақсаты адамның еңбекке қабілеттілігін жоғарлату шараларын іздестіру, оны ұзақ уақыт бойына жоғары деңгейде ұстап тұру және зорығуды болдырмау жатады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін еңбек үрдістерін, еңбек пен демалыс тәртібін тиімді ұйымдастыру, жұмыс орнын ұтымды ету және т.б. физиологиялық негіздері жасалады.
Еңбек физиологиясындағы зерттеулер екі бағытта жүргізіледі: еңбек үрдістерінің жалпы физиологиялық заңдылықтарын және өндірістік іс әрекеттің нақты түрлерін зерттеу.
Еңбек физиологиясы міндеттерінің негіздері:
- дене және ой еңбегінің физиологиялық заңдылықтарын зерттеу;
- қазіргі заманға сәйкес өндірістік жағдайларда адамның еңбекке қабілеттілігінің динамикасын анықтайтын физиологиялық механизмдерді зерттеу;
- еңбек іс әрекеті барысында еңбек ауырлығының дәрежесіне, жүйкелік-психикалық және эмоционалды кернеулікке баға беру;
- жұмыс қозғалыстарын, жұмыс қалыптарын оңтайландырудан, жұмыс орынын, еңбек ырғағын ұйымдастырудан, тиімді еңбек және демалыс тәртіптерін өңдеуден тұратын еңбекті ғылыми түрде ұйымдастырудың физиологиялық негіздерін жасау.
Еңбек қалай биологиялық категория болса, дәл солай әлеуметтік те категория болып табылады, сондықтан да нақты өндірістік жағдайда еңбекті зерттеу, жұмысшыға әсерін тигізетін әлеуметтік факторларды ескере отырып іске асырылуы тиіс.
Еңбекті ежелден дене еңбегі және ой еңбегі деп бөледі. Бұлай бөлудің шартты екені сөз жоқ түсінікті.
Еңбек іс әрекетінің негізгі түрлерінің жіктелуі.Едәуір бұлшық еттің күш салып жұмыс істеуімен сипатталатын еңбек. Ол - жерқазғыштың, жүк тасушының, балғалы ұстаның және т.с.с. еңбегі. Бұл кезде энергия шығыны тәулігіне 17-25 МДж (4000-6000 ккал) жетеді.
Механизацияланған өндірістік үрдістер кезіндегі еңбек. Негізінен ол станоктық еңбек түрлері. Жұмысшылардың энергия шығындары тәулігіне 12,5-17 МДж (3000-4000 ккал) шамасында болады. Еңбектің бұл түрінде бұлшықет жүктемелерінің сипаты өзгереді, әрекеттер бағдарламасы күрделене түседі, оған жиі арнайы білім мен қозғалыс дағдылары қажет болады. Қарапайым және көбінесе жергілікті әрекеттердің бірсарындылығы, қабылданатын ақпараттар көлемінің аздығы еңбектің монотондылығын туғызады.
1. Еңбек түріндегі жартылай автоматты және автоматталған өндірістік үрдістер. Жартылай автоматты үрдісте жұмысшының рөлі станокқа қызмет көрсетумен шектеледі. Мұндай жұмыстарға еңбектің (бірбеткейлігі) монотондылығы, шығармашылық бастаманың болмауы тән.
2. Біршама дәрежеде автоматталған еңбек түрінің физиологиялық ерекшелігі жұмысшының әрекет жасауға дайын тұруы және сонымен байланысты, пайда болған кемшіліктерді жылдам жою бойынша тез арада шешім қабылдауы болып табылады. Мұндай «оперативті күту» функционалдық күйі қажетті іс әрекеттің шұғылдығына қарай, жұмысқа деген қатынасына қарай және т.б. байланысты зорықтырғыш дәрежесі бойынша әртүрлі болады.
3. Еңбектің өндірістік үрдістер мен механизмдерін басқарумен байланысты түрі. Еңбектің бұл түрінде, адам оперативті буын болып табылады - автоматтану қаншалықты аз болса, жұмысшының қатысы соншалықты көп болады. Өндірістік үрдісті басқарудың негізгі екі түрі болады - бірінші жағдайда басқару тетіктері адамның жиі белсенді әрекетін қажет етеді, және жұмысшының үздіксіз зейіні көптеген қозғалыстарда және сөйлеу актілерінде бәсеңдейді. Екінші жағдайда белсенді қозғалыстар сирек, оның реакциялары аз, жұмысшы әрекет етуге дайын тұру күйінде болады.
4. Конвейерлік еңбек, еңбектің топтық түрі. Еңбектің берілген түрінің ерекшелігі еңбек үрдісінің жекелеген әрекеттерге бөлшек тенуімен, нақтылы бір ырғағымен, әрекеттердің орындалуының қатаң реттілігімен, бөлшектердің әрбір жұмыс орнына конвейердің жылжымалы таспасы арқылы автоматты түрде берілуімен анықталады. Жұмыстың атқарылуына жұмысалатын уақыт аралығы қаншалықты аз болса, бірсарындылық соншалықты жоғары болады. Бір сарындылық уақытынан бұрын шаршауға және жүйкенің тез тозуына алып келеді, оның негізінде теелу үрдісінің басым түсуі, қозғыштықтың төмендеуі, зейіннің шашырау, жауап беру жылдамдығының төмендеуі жатады, бұл кезде зорығу тез дамиды.
5. Ой еңбегі немесе интеллектуальды еңбек. Бұл еңбек түрімен өндірістік салада (инженерлер, құрастырғыштар, диспетчерлер) немесе одан тыс (дәрігерлер, мұғалімдер, өнер адамдары және т.б.) айналысады. Тәуліктік энергия шығындары онша емес (2000 ккал шамасында), бірақ оған гипокинезия, яғни қимыл-қозғалыс белсенділігінің біршама төмендігі тән. Гипокинезия қолайсыз өндірістік факторлардың бірі болып табылады, ой еңбегі жұмысшыларының жүрек-тамыр патологиясының қалыптасу шарттарының біріне жатады.
Адамның жұмыстық іс әрекетінің реттелуі.Ағзаның кез-келген іс әрекеті орталық жүйке жүйесінің іс әрекетінен басталады. Қазіргі заман физиологиясының бұл негізгі ережесі еңбек физиологиясы үшін аса маңызды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет