8-дәріс. Шарт бойынша қайталау операторы
8.1. Келесі шартты цикл.
8.2. Сумманы есептеу.
Келесі шарт бойынша қайталауда do while операторлары қолданылады. Циклдың орындалуында қадамның артуы (++) немесе кемуі (--) операцияларымен орындалады.
Келесі шарт бойынша қайталау операторы
Do
{ 1-оператор;
2-оператор;
..................
n-oператор }
while (<шарт>);
Жақшадағы шарт цикл тұлғасынан кейін тексеріледі. Сондықтан do while цикл тұлғасы ең болмағанда бір рет орындалады. Цикл тұлғасынан кейін жазылған шарт ақиқат болса, (яғни ол 0-ге тең болмаса), цикл тұлғасы қайтадан орындалады. Ал өрнек жалған болса (немесе 0-ге тең болса), цикл аяқталады.
мысал. қосындысын do while операторымен есептеу.
/* do while операторы */
#include
#include
#include
#define n 3
main ()
{
int i;
float s=0; i=1;
do {
s+=pow(i,3); /* s=s+i*i*i; */
printf("\n i= %i s=%f",i,s);
i++; /* i=i+1; */
}
while (i<=n);
getch(); return 0;
}
Бақылау сұрақтары:
1. Соңғы шартты do … while циклінің орындалу схемасы мен жазылуы.
2. do … while цикл операторының ішкі тұлғасы бір де бір рет орындалмауы мүмкін бе?
3. do … while цикл операторының шарты қатынас таңбаларысыз жазыла ма?
4. do … while цикл операторы қай кезде шексіз циклге айналады?
5. do … while цикл операторының тұлғасында оның шартына əсер ететін өрнектер жазыла ма?
9-дәріс. For цикл операторы
8.1. Параметрлі циклды ұйымдастыру.
8.2. Параметрлі циклдың ерекшелігі.
Параметрлі қайталау операторының, яғни
Достарыңызбен бөлісу: |