қол бостылықты қалайды. Оны ашуландыру қиын, бiрақ ашуланса ұзаққа созылады.
И.Канттың топтастыруы бойынша темперамент тек адам мiнез-құлқы мен
психикасының динамикалық ерекшелiктерiне ғана сүйенiп қоймай, мiнезге де байланысты
болады. Себебi ересек адам психологиясында темперамент пен мiнез ажырағысыз.
Сонымен қатар, темперамент қасиеттерi əлеуметтiк ортадағы адамдардың əрекеттерiмен
тығыз байланысты. Темперамент түрлерiн жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайды.
Олардың əр қайсысының жақсы жəне жаман жақтары бар. Мысалы: сангвиниктер тез
реакциялы, өмiрдiң өзгеруiне тез бейiмделедi, жұмыстың басталу кезеңiнде жоғары
жұмыс қабiлеттiлiгi басым,бiрақ соңына қарай қызығушылығының тез өзгеруiнен, тез
шаршайтындықтан жұмыс қабiлеттiлiгi төмендеп кетедi. Меланхоликтер керiсiнше,
жұмысқа баяу кiрiсiп, ұзақ уақыт бойына жұмысқа деген төзiмдiлiгiн сақтайды. Олардың
жұмыс қабiлеттiлiгi жұмыс басында емес, ортасы мен аяғында басым болады.
Сангвиниктер мен меланхоликтер жұмыстарының сапасы бiрдей, айырмашылықтары əр
кезеңдегi жұмыс динамикасында.
Холерик аз уақыттың iшiнде ойы мен iс-əрекетiн жинақтай алады, бiрақ ұзақ жұмыс
барысында төзiмдi емес. Флегматиктер керiсiнше, тез жинақтала алмайды, бiрақ жұмыста
ұзақ жəне мақсатына жеткенше белсендi бола алады.
Немiс психологы В.Вундт темпераменттi екi топқа бөлген:
1)
Эмоциясы күштi темпераменттер.
2)
Эмоциясы əлсiз темпераменттер.
Немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болып келуi жүйке жүйесiнiң тонусына
байланысты деген. Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы
мен кеңдiгiне байланысты дедi.
Римнiң атақты дəрiгерi К.Гален темпераменттiң физиологиялық ерекшелiктермен
қоса, психологиялық, тiптен адамның адамгершiлiк қасиеттерiне қатысты сапалармен
байланысты деп түсiндiрдi.
В.Д.Небылицин темпераменттiң үш негiзгi компоненттерiн бөлiп қарастырды. Олар:
1)
индивидтiң белсендiлiгi;
2)
оның моторикасы;
3)
эмоционалдылығы.
Бұл компоненттер құрылысы жəне психологиялық көрiну формалары жағынан əр түрлi.
Бұл жерде үлкен орынды индивидтiң белсендiлiгi алады. Оған шаршау, инерттiлiк,
енжарлық т.б. жатады. Ал, моторикаға қозғалыс тездiгi мен күштiлiгi, эмоционалдылық
көңiл-күй, аффект,сезiм т.б.жатады.
Достарыңызбен бөлісу: