жеке қарастыруымыз қажет. Айта кететiн бiр жайт, темперамент тек жүйке жүйесi
қасиеттерiне ғана бағынбайды, сол қасиеттер тудыратын мiнез-құлық пен психикалық
процесстердiң өту ерекшелiктерiне де байланысты болады. Танымдық процестер,
заттылық iс-əрекет пен қарым-қатынасқа сəйкес темперамент қасиеттерiн қарастырайық.
Танымдық процестер бойынша:
Олар: 1) белсендiлiк (ойлау, қабылдау, қиял, зейiн қою, есте сақтау): адам белгiлi бiр
обьектiнi қаншалықты тез есте сақтай алады, қабылдай алады, оған зейiнiн қоя алады.
Ондағы қарқын психикалық процестер жұмысына байланысты.
2) өнiмдiлiк: белгiлi бiр уақыт iшiнде танымдық процестер арқылы нəтижеге жету.
3) қозу мен тежелудiң ауысуы: танымдық процестердiң бiр обьектiден екiншi обьектiге
көшу немесе бiр əрекеттен екiншi əрекетке көшуде пайда болуын, тоқтауын немесе ауысу
жылдамдығын көрсетедi. Мысалы: бiр адамдар ақпаратты басқаларға қарағанда тез еске
түсiредi, бiр адамдарға бiр тақырыптан екiншi тақырыпқа ауысу үшiн ұзақ уақыт қажет.
Бұл қасиеттер адам қабiлеттiлiгiн анықтамайтынын айта кету керек.
Заттылық iс-əрекет бойынша:
1)
белсендiлiк: онымен байланысты қозғалыстардың күшi мен амплитудасын бiлдiредi.
Ол белсендi адамда кең, ауқымды болады.
2)
өнiмдiлiк: қозғалыспен байланысты əрекет өнiмдiлiгi белсендiлiк пен жұмыс
қарқынына байланысты.
Қарым-қатынас бойынша:
1)
белсендiлiк: белсендiлiгi жоғары адамның мимика, жест, пантомимикасы күштi,
сөйлеу қарқыны мен қозғалыс темпi де жоғары.
2)
қозу: баяуға қарағанда тез қозатын адам ортаға тез бейiмделiп, байланысқа тез түседi.
3)
Тежелу: тез тежелетiн адам қарым-қатынасты тез тоқтатады, сөйлегiсi келмейдi.
4)
өнiмдiлiк: ақпаратты қабылдау жоғары болса, оңай болады, төмен болса қиын болады.
Жалпы психикалық белсендiлiк темперамент сипаттамасында орталық орын алады.
Бұл жерде сөз белсендiлiктiң мазмұны, оның бағытталуы туралы емес, оның динамикалық
ерекшелiктерi мен iс-əрекеттiң энергетикалық деңгейi туралы болып отыр. Темпераментке
қатысты белсендiлiк бойынша айырмашылықтар көбiнесе мына жағдайларда байқалады:
қажеттiлiктiң өзiндiк байқалуы, əрекеттi болдыруға деген ынта, iстелетiн жұмыстың көп
түрлiлiгi, реакциялар мен қозғалыстардың жылдамдық сипаттамалары.
Белсендiлiктiң динамикалық көрiнiстерi жүйке жүйесi типiнiң қасиеттерiмен байланысты
екендiгi анықталды. Сонымен, белсендiлiктiң интенсивтiлiгi мен тұрақтылығы жүйке
жүйесiнiң күшiне тəуелдi, ал белсендiлiктiң ауыспалылығы мен оның кейбiр жылдамдық
сипаттамалары қозғалғыштық пен лабильдiлiкке тəуелдi.
Эмоционалдық бойынша динамикалық айырмашылықтар əсерленгiштiк (кей
адамдарда ең болмашы себеп эмоционалды реакция тудырса, басқаларда ол үшiн үлкен
əсер қажет), импульсивтiлiк (жылдамдықты бiлдiредi), эмоционалды лабильдiлiк
(эмоционалды жағдайдың тоқтау жылдамдығы) деңгейлерiнде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: