нүктемен белгіленді. Осы нүктелерді қосып, адамның ңпсихологиялық бағытың
анықталды. Сыналушылардың категориялары (балалар үшін, интеллигентті ересектер
үшін, интеллигенттер емес үшін) бойынша тапсырмалар берілді. Бұдан басқа
Г.И.Россолимо сызбадағы көрсеткіштерді арифметикаға айналдыру формуласын ұсынды.
Бүгінде тесттер психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын əдіс. Бірақ
тесттер объективті жəне субъективті əдістердің арасында. Сыналатындардың өз есептеріне
негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тесттерді орындауда тестіден өткізудің
нəтижесіне əсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса саналы немесе
санасыз əсер ете алады. Алайда объективті тесттер де бар. Оларға
жобалы тесттерді
жатқызуға болады. Тесттің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес.
Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы,
сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды
күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де,
психолог
оны сипаттауды сұрайды, соның нəтижесінде сыналушының психикалық
ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тесттер психологтың кəсіби дайындығының
жоғары жəне тəжірибесінің мол болуын жəне сыналушының интеллектуалды дамуының
жоғары болуын талап етеді.
Объективті мəліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды
жағдай жасалуға негізделген
эксперимент - əдістің көмегі арқылы алуға болады.
Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы,
құбылыстың
пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық əдістерге
қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық жəне
табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.
Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай
жасалады. Табиғи эксперимент əдеттегі тұрмыстық жағдайда жасалады. Мұнда зерттеуші
кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады. Табиғи экспериментті алғаш рет
А.Ф.Лазурский қолдана бастады. Əрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік
мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе
алмайтындықтан оның нəтижесі дəл болмауы да мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дəл,
ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.
Психологиялық əдістердің бірі –
моделдеу. Ол дербес əдіске жатады. Ол басқа
əдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі белгілі бір
психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны
қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан
моделдеудің əр түрлі əдістерін объективті немесе субъективті əдістерге жатқызу қиын.
Моделдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық жəне т.б. болуы
мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзара байланысы мен олардың
қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын
элементтер мен қатынастар
көрсетілген математикалық мəн немесе формула қолданылады Техникалық моделдеуде
зерттеуді елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық моделдеу
информатика жəне кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге
пайдаланылады. Логикалық моделдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар
мен символға негізделген.
Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу
заңдарындағы психикалық құбылыстарды моделдеуге бастады, өйткені адамдардың
ойлауда
қолданатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік
бағадарламалар жұмыс істеуіне жақын екен. Ол компьютердің жұмыс істеуіне қарай
адамның мінезін көзге елестету жəне сипаттауға бастады. Осындай зерттеулерге
байланысты Д.Миллер, Ю.Галантер, К.Прибрам атты америка ғалымдарының жəне ресей
психологы Л.М.Веккердің есімдері белгілі.
Көрсетілген əдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да əдістер де
бар. Мысалы,
əңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда əңгімелесу
əдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Əдетте əңгімелесу жайлы
жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп
отырады. Басқа əдіске
құжаттарды зерттеу əдісі немесе
адамның қызметін талдау
əдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында əр түрлі əдістерді кешенді
түрде қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: