5. Иiс сезу түйсiгi. Иiс сезу мен дəм сезу химиялық сезгiштiктiң түрлерi болып
табылады. Осы кезге шейiн иiс сезу адамда маңызды рөл атқармайды деген пiкiр болды.
Алайда иiс сезу вегетативтiк жүйке жүйесiнiң қызметiне əсер етедi жəне адамның көңiл-
күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе жағымсыз эмоциялық фонды тудырады. Иiс
сезу дистанттық рецепторларға жатады.
Иiс сезу түйсiгi мұрынға ауамен бiрге кiретiн əр түрлi заттардың молекулаларының
əсерiнен пайда болады.
6. Дəм сезу түйсiгi иiс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерiмен шартталады.
Дəм сезетiн қасиеттердiң негiзгi төрт түрiн бөлiп көрсетедi – тұзды, қышқыл, тəттi жəне
ащы.
Дəм сезуге, əдетте, иiс сезу, ал кейде қысым, жылулық, суықтық жəне ауырсыну
түйсiктерi қосылады.
Дəм сезуде компенсация, яғни бiр дəм сезу түйсiгiнiң (тұзды) басқамен (қышқыл)
басылып қалуы үлкен рөл атқарады.
Контраст құбылысымен қатар, дəм сезуде контраст құбылысы да орын табады.
Мысалы, қант ерiтiндiсiнiң тəттi дəмiн түйсiну тұздың аз мөлшерiнiң қосындысынан
күшейедi.
Дəм сезу түйсiктерi вегетативтiк жүйке жүйесi арқылы эмоциялық көңiл-күйге əсер
етедi. Дəм сезу, иiс сезу сияқты басқа рецепторлық жүйелердiң табалдырықтарына,
мысалы, ол көз бен естудiң жiткiрлiгiне, терi сезгiштiгi мен проприоцепторлар күйiне əсер
етедi.
§ 6. Сезгiштiк жəне түйсiк табалдырықтары Абсолюттiк сезгiштiк жəне абсолютттiк табалдырық. Төменгi жəне жоғарғы
абсолюттiк табалдырықтар. Айырма сезгiшттiк жəне айыру табалдырығы.
Адамның түйсiне алуға қабiлеттiлiгiн сезгiштiк деп атайды.
Абсолюттiк сезгiштiк дегенiмiз – сезiм мүшелерiнiң өте əлсiз тiтiркендiргiштердi
түйсiне алуы.
Абсолюттiк табалдырық - сенсорлық табалдырықтардың бiр түрi. Психофизикада
абсолюттiк табалдырық деп негiзiнен қабылданбайтын немесе мүлдем қабылданбайтын
стимулдар (егер олардың мөлшерi табалдырықтық мөлшерден едəуiр аз болған жағдайда)
мен (егер стимул мөлшерi табалдырық мөлшерiнен белгiлi бiр шамадан асқанда) негiзiнен
қабылданатын немесе толық қабылданатын стимулдарды өзара ажырататын мөлшердiң
мəнiн атайды.
Əрбiр түйсiк түрлерi үшiн өз абсолюттiк табалдырықтары болады. Мысалы,
қараңғыға бейiмделген көз жарықтың 7 квантына жауап бередi… Көру арқылы адам
қараңғы түнде көзден 48 км қашықтықта тұрған балауыз шамның жалынын қабылдай алу
қабiлетi. Естуде қолсағаттың жүрiсiн тыныш бөлмеде 6 м қашықтықта ажырата алу. Дəм
сезуде 8 л судағы бiр шай қасық қанттың дəмiн сезу. Иiс сезу 6 бөлмеден тұратын пəтерге
бiр тамшы əтiр сепкенде оның иiсiн сезiп қалу. Сипап сезу 1 см биiктiктен шыбынның
қанатынын терi үстiне құлауынан пайда болған ауа тербелiсiн сезiну.
Абсолюттiк табалдырық сенсорлық жүйенiң сезiмталдығының модалдылығы ретiнде
пайдаланылады.
Алғашқы рет сəл бiлiнерлiк түйсiк туғызатын тiтiркендiргiштiң ең аз күшiн
сезгiштiктiң төмеңгi абсолютттiк табалдырығы дейдi.
Тiтiркендiргiштiң осы түрдегi түйсiгiн тағы да туғызатын ең жоғарғы күшiн
сезгiштiктiң жоғарғы абсолюттiк табалдырығы дейдi.
Айырма сезгiштiк деп сезiм мүшелерiнiң тiтiркендiргiштердiң арасындағы болмашы
айырмашылықты түйсiне алуын айтады. Айырма табалдырығы айырма сезгiштiктi
анықтау үшiн пайдаланады. Мысалы, егер алақанға 100 гр салмақ салып, оған тағы 1 гр
қосса, салмақтың артқаны бiлiнбейдi. Оны айыра бiлу үшiн шамамен 3-4 гр салмақ қосу
керек. Айыру табалдырығы түйсiктiң түрлерiнде əр түрлi болып келедi. Мысалы, жарықты
айыратын табалдырықтың күшi 1/100-ге тең.
Осы айталғандар түйсiк табалдырықтарының организм үшiн маңызды бағдарлаушы
жəне, ең алдымен, қорғаныс функциясын атқаратынын байқатады.