Қозғалысты қабылдау – бұл объектiлердiң кеңiстiктегi орны мен қалпының
өзгерiсiн бейнелеу. Қозғалыстықабылдау өмiрлiк маңызға ие. Қоғалысқа көру жүйесiнiң
перифериялық бөлiмi сезiмтал келедi. Объект табылғанда, көру аумағының шет жағында
оның түскен бейнесi көздiң рефлекторлық бұрылысын тудырады, нəтижесiнде объект
бейнесi көру аумағының орталығына ауысады, осы жерде бұл обектiнi ажырату мен тану
жүзеге асады. Заттың қозғалысын қабылдау, негiзiнен, оның қандай да бiр фонда орын
ауыстыру немесе жылжи отырып, көз торының түрлi клеткаларының кезектi қозуын
тудырады.
Қозғалысты қабылдауда көру жəне кинестезиялық анализаторлары негiзгi рөл
атқарады. Объект қозғалысының параметрлерi болып табылатындар: жылдамдық, үдеу
жəне бағыт. Адам объекттердiң кеңiстiктегi орын ауыстыруы жөнiндегi мағлұматты екi
жолмен алады: орын ауыстыру немесе қозғалысты тiкелей көру, қабылдау арқылы жəне
белгiлi бiр уақытта басқа орында болған объектiнiң қозғалысы жөнiнде ой қорытындысы
негiзiнде.
Семинар сұрақтары: 1. Қабылдаудың басқа психикалық процестермен өзара байланысы мен танымдағы орны.
2. Қабылдаудың негiзгi түрлерi жəне заңдылықтары.
3. Қабылдау процесiн зерттеу əдiстерi.
Студенттердiң өзiндiк жұмысына арналған тапсырмалар: 1. Адамның адамды қабылдауы.
2. Экстрасенсорлық қабылдау туралы жалпы ұғым.
4. Қабылдаудың онтогенез барысындағы дамуы.
5. Көру иллюзиялары жəне оның түрлерi.
6. Қабылдау процесiне қатысатын сезiм мүшелерiнiң құрылымы (схемалық түрде
сызбасын жасау).
Əдебиеттер: 1. Величковский В., Лурия А.Р., Зинченко В.П. Психология восприятия. М.,1985
2.
Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии. – М.: Пед. общество России, 1999.
3. Маклаков А.Г. Общая психология: Учебник для вузов. – СПб.: Питер, 2004. – 583 с.
4. Немов Р.С. Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учебн. заведений: В 3 кн. – 4 изд. –
М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003. – Кн. 1: Общие основы психологии. – 688 с.