бұл принциптер мыналар:
1. Iргелес ассоциациялар. Қабылдау бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын
солармен бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады. Мысалы, ''таң
ату'' дегенде қораздың дауысын, ''қоңырау'' дегенде сабақтың басталуын немесе аяқталуын
есiмiзге аламыз.
2. өқсастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер бiздiң
санамызда осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады. Бұларға
мысалды келтiретiн болсақ,
''дөңгелек'' десек шарды жəне допты, ''асқар'' десек тауды, ''ақ'' дегенде ақ қарды немесе
сүттi еске түсiремiз. Мысалы бiз қандай да бiр затты көрсек ол бiр адамды немесе
құбылысты еске түсiруi мүмкiн.
3. Контрастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер бiздiң
санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады.Мысалы, ''ыстық'' дегенде
суықты, ''су'' дегенде отты еске түсiремiз. Осы ассоциациялық байланыстарды жарнама
жасаушылар əр кезде қолданып жатады. Мысалы, ''тазалықты'' бiлдiргiлерi келгенде суды,
ақ немесе көк тустердi жəне жуынғанды көрсетедi.
Осылардың əсерiнен ми қабығында есте сақтау мен қайта
жаңғыртудың физиологиялық
негiзi болып саналатын уақытша байланыстар пайда болады.
Ассоциация принципiнiң нағыз ғылыми негiздемесi мен олардың заңдылықтарын
ашқан И.М.Сеченов пен И.П.Павлов болды. Павлов бойынша асаоциациялар дегенiмiз бiр
немесе бiрнеше тiтiркендiргiштердiң бiр уақытта немесе бiрiнiң артынан бiрi əрекет
етуiнен пайда болатын уақытша байланыс. Қазiргi кезде көптеген зерттеулер
ассоциацияларды естiң негiзгi емес, бiр ғана феноменi деп қарастырады.
Ес зерттеулерi психология ғылымындағы эксперименттiк əдiс қолданылған
алғашқы бөлiмдерiнiң бiрi болды.
CIC
ғасырдың 80 жылдары немiс психологы
Г.Эббингауз ойлау iс-əрекетiнен тəуелсiз “таза” естiң заңдарын зерттеуге болатын əдiстi
ұсынды.Ол мағынасыз буындарды жаттау əдiсi едi. Ол өз зерттеулерiнiң негiзiнде
материалды есте сақтаудың негiзгi қисықтарын тапты жəне ассоциациалардың пайда болу
механизмдерiнiң кейбiр ерекшелiктерiн ашты. Мысалы, ұзақ қатарды еске сақтаған кезде
соңында тұрған материал тез еске түсетiнiн тапты (“шеткi эффектсi”). Г.Эббингауздың
маңызды жетiстiктерiнiң бiрi ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық
мағынасыз үш əрiптен тұратын буынды есте қалдыру тəжiрибесi негiзiнде ашылды.
Алғашқы 1 сағаттан соң алынған ақпараттың 60
%
ұмытылады, ал алты күннен кейiн
бастапқыда да жатталған буындардың 20
%
-дан аз бөлiгi ғана есте сақталады екен.
Г.Эббингаузбен қатар басқа да ғалымдар зерттеулер жүргiздi.Атап айтқанда, немiс
психиатры Э.Крепелин психикалық ауру адамдарда есте сақтау қалай жүретiнiн зерттеген.
Келесi
немiстiң белгiлi ғалымы
-
Г.Э.Мюллер адамдағы естiң қайта жаңғыруы мен есте
қалудың негiзгi заңдылықтарына фундаменталды зерттеулер жүргiздi. Адамдағы ес
процестерiн зерттеудiң алғашқы кезеңiнде арнайы саналы мнемикалық iс-əрекеттi
зерттеуге (материалды арнайы жаттап, қайта жаңғырту процесi) бағытталды, кейiнiрек
iздердiң өз бетiнше есте қалу механизмдерiне талдау жасалынды.
CIC
ғасырдың аяғында ассоциациалық теорияның орнына
гештальттеория
келдi. Бұл теорияның негiзгi түсiнiгi заттар немесе құбылыстардың ассоциациясы емес,
олардың
бастапқы, тұтастай ұйымдасуы
- гештальт болды. Бұл теорияны
жақтаушылардың пiкiрiнше ес процестерi гештальт қалыптасуымен анықталады.
“Гештальт” сөзi “тұтастық“,“құрылым”,“жүйе” деген мағынаны бередi. Бұл терминдi XX
ғасырдың алғашқы ширегiнде Германияда пайда болған бағыттың өкiлдерi ұсынған. Бұл
бағыттың негiзгi постулаты тұтастың жүйелi ұйымдасуы ол құралған бөлшектердiң
қасиеттерi мен қызметiн анықтайды. Сондықтан бұл теорияның өкiлдерi естi зерттегенде
есте сақтау жəне қайта жаңғыру материалы ассоциациалардың негiзiнде элементтердiң
кездейсоқ жиналуы арқылы емес, тұтастай құрылым түрiнде болады дейдi.
Гештальтпсихология тұрғысынан есте сақтау мен қайта жаңғыртудың динамикасы былай
жүредi. Адам үшiн сол мезетте өзектi болатын кейбiр күйлер есте сақтау мен қайта
жаңғыртуға белгiлi нұсқаулар туғызады. Сəйкес нұсқау адам санасында белгiлi тұтастық
құрылымдарды белсендiредi. Өз кезегiнде, олардың негiзiнде
материал есте сақталады
немесе қайта жаңғырады. Бұл нұсқау есте сақтау мен қайта жаңғырудың жүру жолын
бақылайды, қажет ақпаратты таңдауды анықтайды.
Гештальтпсихология негiзiнде жүргiзiлген кейбiр зерттеулерден көптеген қызықты
фактлер алынған. Осылай Б.В.Зейгарниктiң зерттеулерiнде сыналушыларға бiреуiн
соңына дейiн орындауға рұқсат беретiн, екiншiсiн соңына дейiн аяқтамай бiтiретiн
тапсырмалар сериясын ұсынған. Нəтижесiнде сыналушылар аяқталмаған тапсырмаларды
соңына дейiн жеткiзген тапсырмаларға қарағанда екi есе жиi есiне түсiре алған. Бұл
құбылысты былай түсiндiруге болады. Тапсырманы алғанда сыналушыларда оны
орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. К.Левин квазиқажеттiлiк деп атаған бұл
қажеттiлiк тапсырманы орындау барысында күшейедi. Тапсырма орындалса ол жүзеге
асады, ал тапсырма соңына дейiн жетпесе ол қанағаттанбайды. Сəйкесiнше мотивация
есте аяқталмаған тапсырманың iзiн сақтап, естiң таңдамалығына əсер етедi.
CC
ғасырдың
басында естiң мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның
өкiлдерi сəйкес процестердiң жұмысы мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ
болуына тəуелдi деп пайымдады. Мағыналық байланыстар есте сақталған материалды
азды-көптi көлемдi мағыналық құрылымдарға бiрiктiредi. Бұл бағыттың көрнектi өкiлдерi
А.Бине мен К.Бюлер болды. Олар есте сақтауда, қайта жаңғыртуда материалдың
мағыналық мазмұны басты орын алатынын көрсеткен.
Алғаш балалардың есiнiң жоғары формаларын жүйелi түрде зерттеген көрнектi кеңес
психологы Л.С.Выготский болды. Ол өзiнiң шəкiрттерiмен бiрге естiң жоғары формалары
шығу тегi жағынан əлеуметтiк жəне психикалық əрекеттiң күрделi
формасы екендiгiн
көрсеттi. Выготский ұсынған жоғары психикалық функциялардың шығу тегi туралы
теорияның шеңберiнде естiң фило- жəне онтогенетикалық даму сатылары анықталды.
Выготскийдiң жұмыстары француз ғалымы П.Жаненiң зерттеулерiне ықпал еттi.
Француздардың психологиялық мектебi барлық ес процестерiнiң əлеуметтiк
келiсiлгендiгiн, адамның практикалық iс-əрекетiне тiкелей байланыстылығын дəлелдедi.
Кеңес психологтары ерiктi мнемикалық iс-əрекеттiң күрделi формаларын зерттеудi
жалғастырды. Онда ес процестерi ойлау процесiмен байланыстырылды. Осылайша,
А.А.Смирнов пенП.И.Зинченконың iс-əрекеттiң психологиялық теориясы позициясынан
жүргiзiлген зертеулерi естiң заңдылықтарын мағыналанған адам iс-əрекетi ретiнде ашуға
жол бердi, есте сақтаудың қойылған тапсырмаға тəуелдiлiгiн жəне күрделi материалды
есте сақтаудың негiзгi тəсiлдерiн тапты. Мысалы, Смирнов ойларға қарағанда əрекеттер
жақсы есте сақталатындығын, ол əрекеттердң iшiнде қиындықтарды жеңумен
байланыстылары ұзақ есте сақталатындығын тапты
.
Естiң физиологиялық теориясын жасаған И.П.Павлов жəне П.К.Анохин зерттеулерi
бойынша жүйкелiк импульстар нейрон арқылы өткенде, өзiнiң iзiн қалдырады – бұны
нейрондық модель теориясы деп те атайды. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар
басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады немесе өзiнiң клетка денесiне қайта
оралады.Жүйке клеткаларында осындай құрылымдарға сəйкес байланыс пайда болады.
Сөйтiп, клеткалардың өз-өзiнен жанауы iске асады. Мұндай құбылыстар жүйесiн iздердiң
сақталып қалудың физиологиялық субстраты деп есептейдi.
Естi нерв клеткаларының iшiндегi биохимиялық реакциялармен түсiндiретiн ХХ
ғасырда терең зерттелiне басталған
биохимиялық теория. Еске сақтау екi сатылы сипатта
болады деген жорамал бар. Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей əсер еткеннен
кейiн мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болады. Олар нейронда
физиологиялық өзгерiстерге əкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi реакциядан кейiн жаңа
белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Бiрiншi сатыдағы
реакция секунттар мен
минуттарға созылады содан оны қысқа мерзiмдi естiң физиологиялық механизiмi деп
есептейдi. Ал екiншi кезеңдегi клеткада болатын химиялық өзгерiстердi ұзақ мерзiмдi
естiң механизiмi деп есептейдi. Бұны атжалманндарға өткiзiлген эсперименттерде
тексерген жəне адамдардан байқаған. Мысалы, егер адамға бiр əсерден кейiн мидағы
электрохимиялық iзi биохимиялық өзгерiстерге айналмай түрғанда (10 секунттың iшiнде)
бұл əрекет үзiлсе (мысалы, есiнен танып қалғанда, эпилепсия жағдайында), онда соңғы
əсердi адам есiне түсiре алмайды.
Естiң зерттеулерiнiң iшiнде кибернетикалық модельдеу де бар. Бұл арқылы естiң
Достарыңызбен бөлісу: