№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет65/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

VIII ТАРАУ. Ес
Естiң жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Ес психикалық процесс ретiнде. Естiң
негiзгi механизмдерi:есте сақтау,тану жəне қайта жаңғырту. Ес процестерiнiң зерттелу
тарихы. Ассоциациациялар туралы түсiнiк. Аристотель еңбектерi. Ассоциациалардың
пайда 
болуының 
заңдылықтарын 
эксперименталды 
зерттеулер.
Г.Эббингауз:ассоциациациялар үшiн оқиғалардың маңыздылығы, шет эффектсi, ұмыту
заңы. Гештальтпсихологиядағы ес мəселесi. Квазиқажеттiлiк. Бихевиоризм мен
психоанализ өкiлдерiнiң зерттеулерiндегi ес мəселесi. А.Бине мен К.Бюлердiң мағыналық


теориясы. П.Жане мен Л.Выготский зерттеулерiндегi естiң жоғарғы формаларының
қалыптасу мəселесi.
Естiң негiзгi түрлерi. Естiң жеке түрлерiнiң классификациясы:психикалық
белсендiлiгi, iс-əрекет мақсаты бойынша,материалдың бекiп,сақталу ұзақтығына
байланысты. Эмоциялық ес. Бейнелiк ес. Сөз-логикалық ес. Ырықты жəне ырықсыз ес.
Қысқа уақыттық, ұзақ уақыттық жəне операциялық ес.
Естiң механизмдерi мен негiзгi процестерi. Есте сақтаудың негiзгi түрлерi:
ырықты жəне ырықсыз. Жаттау. Мнемикалық iс-iрекет туралы түсiнiк.Мағыналанған жəне
механикалық есте сақтау. Қайталау əдiсi. Қайта жаңғырту бейне жасау процесi
ретiнде.Тану жəне оның қайта жаңғыртудан айырмашылығы.
§ 1. Естiң жалпы сипаттамасы мен анықтамасы
Адам психикасының жоғары деңгейде дамығандығының арқасында көптеген нəрселердi
орындай,жасай алады. Бiздiң қоршаған ортадан алған əсерлерiмiз есiмiзде белгiлi iз
қалдырады. Ол iздер жеткiлiктi ұзақ уақытқа сақталады жəне қажет жағдайда қайта
жаңғырады. Сонымен, бұрын қабылданған түрлi əсерлердi, бейнелердi, көңiл-күйлердi,
əрекеттердi жəне бiлiмдердi есте қалдыру, есте сақтауды, қажет кезiнде қайта жаңғыртуды
немесе ұмытуды ес деп айтамыз.
Адам естiң арқасында бұрынғы бiлiмдерi мен бiлiктерiн жоғалтпай ақпаратты
жинақтай алады. Осылайша, ес бiр-бiрiмен байланысты жеке процестерден тұратын
күрделi психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмiр тəжiрибесiн жинақтап, сақтап
оны пайдалануға мүмкiндiк бередi.Оны түрлi зерттеулерден бiлуге болады. Мысалы,
гипнозға еңген адам есiне барлығын түсiре алады (феноменалды ес). Бұл феноменнiң
себебiн ес зерттеушiлерi В.С.Ротенберг жəне Дж.Грезельер гипнозда бейнелеу есi басым
болуының себебi мидың үлкен шарларының оң жартысының бақылаудан босатылуымен
деп түсiндiредi. Канадалық нейрохирург Уайлдер Пенфилд миға операция жасаған кезiнде
тоқпен мидың түрлi орталықтарын қоздырған. Сол кезде, арнайы аппарат арқылы,
пациент наркозда болса да, бұрын естiген жəне ұмытылып кеткен əңгiмелер мен əндердi
жаңғырта алғанын анықтаған. Сонымен, адамның есте сақтау қабiлетi өте мол. Адам
есiнiң көлемi – 10 миллионнан астам белгiлердi сақтай алады, бiрақ қайта жаңғыртудың əр
түрлi қиыншылықтарынан жəне бұл көлемнiң бəрiн саналы кезiнде қолдана
бермегендiктен, көп нəрсенi еске түсiре алмаймыз.
Барлық психикалық құбылыстар еске сүйенедi жəне ес негiзiнде жүзеге асады.
Орыс физиологi И.М.Сеченов айтканындай: ''Ес барлық психикалық дамудың негiзiнде
жатады''. Егер сезiмдерiмiз, ойларымыз немесе əрекеттерiмiз сақталынбаса, олардың
байланысуы мен əрекеттесүi мүмкiн болмас едi.
С.Л.Рубинштейн айтқандай: ''Бiз еске ие болмасақ бiр сəттiк тiршiлiк иесi болар едiк.
Бiздiң өткен өмiрiмiз болашағымыз үшiн жоқ болар едi''.
Естiң жүйке жүйелiк жағынан физиологиялық негiздерi, ол ми үлкен жарты шарлар
қыртысымен күрделi əрекетпен байланысты болады. Сыртқы тiтiркендiргiштер мида
өзiндiк ''iздер'' қалдырып отырады. Бұны ашқан И.П.Павлов болды, ол естiң негiздерiн
шартты рефлекстермен түсiндiрген. Мысалы,итке тамақ беру алдында шартты қоздырғыш
ретiнде жарықпен əсер етудi қолдансақ,осындай бiрнеше қайталанудан иттiң аузынан
сiлекей аға бастайды, яғни шартты рефлекс қалыптасады. Осы жағдайда иттiң миында екi
жүйке орталығы, бiрi - көру, екiншiсi – тамақ орталығы қозу жағдайында болып, бұл
екеуiнiң арасында уақытша жүйке бекiп, бiр қалыпқа түсүi мүмкiн. Бұл механизм
адамдада мидағы жүйке байланыстары арқылы қалыптасып отырады. Егер адамның
желкесiне зақым келетiн болса, ол бұрын қөрген нəрсенi тани алмайды. Егер самайына
зақым келсе – адам естiгенiн екiншi рет естiгенде түсiне алмайды. Осылай естiң миының
үлкен жарты шарлары қыртысының əрекетiмен байланысты екендiгiн бiлуге болады.
Ес барлық тiршiлiк иелерiнде болады, бiрақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейiне
жеткен. Адамда кездесетiн мнемикалық мүмкiндiктер жер бетiндегi ешқандай жануарда
кездеспейдi. Адамға дейiнгi жануарларда екi түрлi ес болады: генетикалық жəне
механикалық ес. Алғашқысында, өмiр сүруге қажеттi биологиялық, психологиялық жəне
мiнез-құлықтық қасиеттердi ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық жолмен берiледi. Екiншiсi,
үйренуге, өмiр тəжiрибесiн игеруге қабiлеттiлiк формасында көрiнедi. Жануарлардың есте
сақтау қабiлеттерi шектеулi.Олар шартты-рефлекторлық, оперативтi үйрену əдiстерi
арқылы меңгерiлген нəрселердi ғана есте сақтап, қайта жаңғырта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет