№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет63/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

мен 
қашықтығын 
қабылдау. 
Заттардың
аумақтылығын немесе тереңдiгiн қабылдауда бинокулярлық көру (немесе екi көзбен көре
қабылдау) негiзгi рөл атқарады.
Монокулярлық көру (бiр көзбен қарау) қашықтықты белгiлi-бiр шек маңында ғана
дұрыс анықтай алады. Егер шамалы қашықтықта керулi тұрған жiңiшке жiпке бiр көзбен
қарасақ, жоғарыдан тасталған кiшкентай шардың оның алдынан немесе артынан өткенiн
айыру қиын. Ал егер екi көзбен қарайтын болсақ, дəл осы құбылысты дұрыс қабылдау
бiзге қиын соқпайды.
Бинокулярлық көруде заттың кескiнi диспаранттық нүктелерге, яғни оң жəне сол
көздiң тор қабықтарының толық сəйкес емес нүктелерге келiп түседi. Кескiн сəулесi
бiртектес нүктелерге, яғни тор қабықтың бiр-бiрiне толық дəл келетiн нүктелерiне келiп
түссе, онда кескiн жалпақ болып қабылданады. Егер зат бейнесiнiң диспаранттылығы тым
үлкен болса, онда бейне қосарлана бастайды. Диспаранттылық белгiлi мөлшерден аспаған
жағдайда тереңдiктi қабылдау пайда болады.
Тереңдiктi қабылдауда көз бұлшықеттерiнiң жиырылуы мен жазылуынан пайда
болатын бұлшықеттiк-қозғалыстық түйсiктердiң маңызы аз емес. Саусақты ақырындап
мұрынға 
жақындату, 
көз 
бұлшықеттерiнiң 
тартылуының 
нəтижесi 
болатын
проприоцептивтiк түйсiктер туғызады. Бұл түйсiктер көз остерiн жақындататын
(конвергенция құбылысы), ажырататын (дивергенция құбылысы) бұлшықеттерден жəне
көз бұршағының шапыраштануын өзгертетiн бұлшықеттен шығады.
Заттар қашықтаған сайын кеңiстiктi қабылдауда заттардың орналасуына қарай
туатын жарық пен көлеңкенiң өзара орналасуының маңызы үлкен болады. Адам мұндай
ерекшелiктердi байқайды да заттың кеңiстiктегi орнын жарық пен көлеңкеге сүйенiп-ақ,
дұрыс анықтап берудi үйренедi.
Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау – бұл құбылыстар мен оқиғалардың
ұзақтығы мен тiзбегiн бейнелендiру.


И.П. Павлов пен оның iзбасарлары тəжiрибе жүзiнде дəлелдеген адамдарда үнемi
жасалынып отыратын уақытқа деген шартты рефлекстер уақытты қабылдау процесiнiң
физиологиялық негiзi болып табылады. Уақыттық аралықтар адам организмiнде болатын
ырғақты процестермен анықталады. Уақытты дəл, тiкелей қабылдауға көнетiн тек қысқа
мерзiмдi интервалдар ғана. Уақыттық аралықтарды дəл бағалауға есту жəне қимылдық
түйсiктер себепшi болатындығы анықталған.
Уақыттың қабылдану ұзақтығы адам iс-əрекетiнiң мазмұнына тəуелдi. Қызықты,
маңызды iстерге толы уақыт зымырап тез өтедi. Егер оқиға қызықсыз, елеусiз болса, уақыт
мүлдем өтпей қояды.
Уақытты бейнелеудегi кейбiр субъективтiлiк адамның жасына да байланысты
болады. Мысалы, балалар үшiн уақыт өтпейтiндей көрiнсе, ересектер оның тез өткендей
қабылдайды.
Адам уақытты қабылдаудағы субъективтiлiктен практикалық iс-əрекет пен
тəжiрибесi негiзiнде арыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет