№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет61/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

Қабылдаудағы иллюзия. Түрлi себептерге байланысты шындықтағы объектiлердi
қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан-алуан себептерге байланысты
пайда болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың сынған сияқты
көрiнуi физикалық қасиеттермен түсiндiрiлсе, кейбiр нəрсе жөнiндегi жаңсақ пiкiрлер əр
түрлi ерекшелiктерiне байланысты.
Иллюзияларды адамның жүйке жүйесiнiң ауруға шалдығуына байланысты туатын
заттардың жалған, терiс бейнелерi - галлюцинациялардан ажырату қажет.
Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен
тəжiрибесiнiң мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейдi. Бұл адамға
қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып, оның бұрыңғы тəжiрибесiнде
кездескен болса, онда адам оларды дұрысырақ, тереңiрек қабылдайды.
Апперцепция тұрақты жəне уақытша болып екi түрге бөлiнедi. Тұрақты
апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, бiлiмi мен дүниетанымына байланысты
болып отырады. Апперцепция затты түрлi жағынан бағалай алу, адамның оны өзiнше
талқылап, өзiнше өз көзқарасын бiлдiре алуы. Əртүрлi иллюзиялардың негiзiнде адам
жаңсақ пiкiрде болады. Оны уақытша апперцепция дейдi.
§ 4. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты жəне қозғалысты қабылдау.
Қабылдау түйсiктер сияқты негiзгi анализаторларға байланысты классификациясы
бар. Қабылдауда жетекшi рөлдi қандай анализатордың түрi басым болуына байланысты
көру, есту, сипап сезу, кинестетикалық, иiс сезу жəне дəм сезу қабылдауларын бөлiп
көрсетедi.
Əдетте қабылдау процесi өзара əрекеттесетiн анализаторлар негiзiнде жүзеге асады.


Қозғалыстық қабылдаулар белгiлi-бiр дəрежеде қабылдаулардың барлық түрлерiнде
қатысады. Мысалы, сипап сезу қабылдауында тактилдiк жəне кинестезиялық
анализаторлар қатысады.
Қабылдаудың əр түрлерi таза күйде сирек кездеседi. Олар көбiнесе
комбинацияланып, қабылдаудың күрделi түрлерiн құрайды. Мысалы, оқушының мəтiндi
қабылдау əрекетiнде көру, есту жəне кинестезиялық қабылдаулар қатысады.
Қабылдаудың келесi классификациясында материяның тiршiлiк етуiнiң белгiлi бiр
формалары – кеңiстiк, уақыт, қозғалыс негiзге алынады.
Қабылданатын объектiнiң ерекшелiктерiне байланысты қабылдаудың келесi
түрлерiн бөлiп көрсетедi: заттарды қабылдау, сөйлеудi немесе музыканы қабылдау,
адамның адамды қабылдауы. Соңғысы əлеуметтiк перцепция деп аталады. Бұл процесс
əлеуметтiк кəсiптерде маңызды қасиет болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет