қалдыруда əр нəрсе сақтала бермейдi. Бiр экспериментте адамдарға карточкалар берiлдi.
Ол жерде сүреттер мен сандар болған. Бiрiншi зерттелiнүшiлiрге сол сүреттерде заттарды
танысын деп тапсырма бердi, ал екiншiлерге сандарға қарап карточкаларды реттерiмен
қойсын деген. Тапсырма бiткеннен кейi, карточкадағыны есiңiзге түсiрiңiзшi дегенде,
бiрiншiлер тек сүреттердi, екiншiлер сандарды ғана түсiрiптi. Осыған орай, еске қалдыру
əрекеттердiң мақсаттарыменен, мотивтерiменен жəне тəсiлдерменен айқындалынып
отырады. Бұл есте қалдырудың
таңдамалығын көрсетедi. Өйткенi адам бастан
көшiргеннен жəне болмыстан өмiр мен тiршiлiкке қажеттi əсерлердi, бiлiмдердi жəне
мəлiметтердi жадысына қалдыруды мақсаттайды. Арнайы есте үшiн мынадай шарттар
қажет:
•
Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
•
Есте қалдырудың қоғамдық, эксперименталдық мəнiнiң адам қажетiне байланысты
болуы;
•
Есте қалдыруды жоспарлап, iшiндегi ой түiндiлердiң мəнiн ашу, бiрiн бiрiмен
байланыстыру;
•
Мəн-мағыналарды түсiну үшiн ойлау құбылысы мен ұштастыру;
•
Қабылдаған нəрселердi өз сөзiмен құрастыру жəне өз ұғымдарыменен
байланыстыру;
•
Сапалы түрде қайталау. Мысалы, керектi мəлiметтi жаттағаннан кейiн, сақтау үшiн
40 минуттан кейiн тағы қайталау керек. Өйiткенi бiр сағаттан кейiн есте оқылған
мəлiметтiң 50% ғана қалады екен. Содан, бiрiншi күнi 2-3 рет, екiншi күнi 1-2 рет,
3-7 күннен кейiн бiр рет қайталаса, бiрiншi күнi 100 рет қайталағаннан да артық
болады екен.
Мұндай талаптарды орындау адамның есте сақтауын дамытып отыруына ықпалын
көрсетедi.
Психологияда естi дамытуға арналған жаттау тəсiлдерiн –
мнемоника
немесе
мнемотехникалар деп атайды. Солардың кейбiреулерi тақырыптың соңында
берiледi.
Есте сақтаудың ерекшелiктерi болады. Психологтардың зерттеулерi бойынша
мəлiметтiң басындағысы мен аяқталғандағысы есте жақсы сақталады екен. Сол үшiн
маңызды жəне керектi нəрселердi жақсы есте қалдыру үшiн, мысалы, баяндаманың
басына немесе соңына қою керек.
өзақ мерзiмдi есте сақталған мəлiметтердi қайта санаға келтiрудi
қайта
жаңғырту дейдi. Ол ерiктi жəне ерiксiз бола алады. Ерiксiз қайта жаңғырту дегенiмiз –
мақсатсыз өзiмен өзi есiне түсұдi айтады. Арнайы қайта жаңғыртуда белгiлi мақсат
болады жəне ерiк-күш жұмсалынып, арнайы əдiс-тəсiлдер қолданады. Қайта жаңғыртудың
iшiнде тануды мен есте қайта елестетудi ажыратады.
Тану – естiң бұрын қабылдағандарға кезiккенде көрiнетiн қайта жаңғыртудағы
қарапайым түрi. Тану ұқсатумен байланысты болады. Мысалы, бiр нəрсенi есiне түсiргiсi
келгенде, басқаларға ұқсатып барып есiне түсiредi. Тану айқын, айқын емес, толық,толық
емес болады.
Достарыңызбен бөлісу: